Жемқорлыққа қарсы күрес - Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска https://20-oskemen.mektebi.kz/ ru Жемқорлыққа қарсы күрес - Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска DataLife Engine МЕКТЕПТЕ АҚША ЖИНАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/775-mektepte-asha-zhinaua-tyjym-salu-turaly-bjry.html https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/775-mektepte-asha-zhinaua-tyjym-salu-turaly-bjry.html
]]>
admin Mon, 02 Sep 2024 12:06:15 +0500
Мектепте ақша жинамау туралы бұйрық https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/705-mektepte-asha-zhinamau-turalybjry.html https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/705-mektepte-asha-zhinamau-turalybjry.html

]]>

]]>
admin Mon, 04 Sep 2023 13:38:45 +0500
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жылдық жоспары https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/124-adal-rpa-erkt-mektep-klubyny-zhyldy-zhospary.html https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/124-adal-rpa-erkt-mektep-klubyny-zhyldy-zhospary.html
]]>

]]>
admin Mon, 27 Jan 2020 17:49:26 +0500
ҚР 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/123-r-2015-2020-zhyldara-arnalan-sybajlas-zhemorlya-arsy-strategijasyn-zhzege-asyru-bojynsha-s-sharalar-zhospary.html https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/123-r-2015-2020-zhyldara-arnalan-sybajlas-zhemorlya-arsy-strategijasyn-zhzege-asyru-bojynsha-s-sharalar-zhospary.html

]]>

]]>
admin Mon, 27 Jan 2020 17:45:34 +0500
Адалдық сағаты https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/109-adaldy-saaty.html https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/109-adaldy-saaty.html «Өскемен қаласының білім басқармасы» Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің стратегиясын жүзеге асыру бойынша «Адалдық сағаты» атты іс-шара жоспарын орындалу барысы туралы есебі

2019 жылдың 6- қарашасында А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» аясында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара 5 “А” сынып оқушылары және  «Nur Otan» партиясының өкілдерінің, ардагерлер, ата-аналар комитетінің мүшелерінің қатысуымен өтті.  Аталған іс-шарада пікірталас, бейнероликтер көрсетілімі болды. «Адалдық сағатында» білім алушыларға адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі түсіндірілді.

Іс-шара барысында оқушылар бүгінгі таңда өзекті болып табылатын жемқорлықтың бізге әкелетін зардаптары туралы ой алмасты. Баспа беттерінен, бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп білгендерін, өз ой-пікірлерін постер жасау арқылы жеткізе алды. Өзекті мәселелерді анықтай отырып, оның шешу жолдарын ұсынып ортада талқылады. 

Отчёт о проведенном мероприятии «Час справедливости» в рамках стратегии агентства по противодействию коррупции  

Управления образования по Восточно-Казахстанской области 

6 ноября 2019 года в средней школе №20 имени А.Байтурсынова акимата города Усть-Каменогорска было проведено общереспубликанское мероприятие «Час справедливости». Цель мероприятия – воспитание в подрастающем поколении чувств верности, справедливости, а также воспитание негативного отношения к коррупции. В мероприятии приняли участие учащиеся 5 «А» класса, а также представители партии «Nur Otan», ветераны, родители. Были организованы дискуссии, показаны видеоролики по теме мероприятия. Кроме того, учащимся было разъяснено, что непорочность является высшей точкой разумности, самым дорогим и драгоценным в каждом человеке.

   В ходе мероприятия обучающиеся обменивались мнениями о негативных сторонах коррупции, которая на сегодняшний день является актуальной. Свои мысли и идеи, увиденные и услышанные со страниц газет и средств массовой информации, ребята попыталась изложить на постерах. Выявляя актуальные проблемы, ребята по мере обсуждения предлагали пути их решения.

]]>
admin Wed, 06 Nov 2019 16:30:56 +0500
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/108-sybajlas-zhemorlya-arsy-mdeniett-alyptastyru.html https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/108-sybajlas-zhemorlya-arsy-mdeniett-alyptastyru.html Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2019 жылдың 7-8 қазан күндері А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде  ата-аналар жиналысы өткізілді. 

Мектеп директоры Б.О.Садыков қандай да бір іс-шара барысында ата-аналардан қаражат жинамау, мереке кездерінде сыйлықтар алуды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының жалпы ережелерін таныстырып өтті.

Сынып жетекшілер тақырып бойынша сұрақтар дайындап, ата-аналармен топтық жұмыстар жасады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша негізгі заңдар» құқықтық жалпыға білім беру тақырыбында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Барлық ата-аналар «Ақша жинауға тиым салу туралы» мектептің бұйрығымен таныстырылды. Сондай – ақ мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жүргізіп отырғаны аталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бағыттарының бірі жемқорлыққа қарсы білім беру, тәрбиелеу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екендігі айтылды. Ал ата-аналармен жүргізілетін іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық шаралары тек Қамқоршылық кеңестің шешімімен, ұйымдастыруымен өткізілетіні ескертілді.

]]>
admin Thu, 24 Oct 2019 10:05:59 +0500
Сыбайластық жемқорлық https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/52-sybaylasty-zhemorly.html https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/52-sybaylasty-zhemorly.html А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектепте түсіндірме жұмысын өткізу туралы

ХАТТАМА

Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бойынша жұмыстарды 2018-2019 оқу жылында жалғастыру

Мерзімі: 28.08.2018

Өткізілген орны: №17 сынып бөлмесі

Өткізді: Тәрбие ісінің орынбасары

Қатысушылар саны: 67 мұғалім

Тыңдалды:

Мектептің тәрбие ісінің орынбасары А.Б.Имангалиева Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен, оқушылармен жүргізілетін 2018-2019 оқу жылының жоспарына тоқталды.

Мектеп директоры Б.О.Садыков қандай да бір іс-шара барысында ата-аналардың қалтасынан қаражат жинамау, мереке кездерінде сыйлықтар алуды болдырмау мақсатында мұғалімдерге Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның жалпы ережелерін таныстырып өтті.

Бүгінгі жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, сыбайлас жемқорлықтан таза тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі ұстаздардың басты міндетінің бірі. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы жұмыс жүргізіп келе жатқаны белгілі.

Алдымен жалпы қауым үшін 1 қабаттағы ақпараттық стенд «Парасатты азамат» бұрышының үнемі жаңаланып отыруы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспарының орындалып, нәтижесін мектеп сайтына енгізіп отыруды атап өтті.

1-11 сынып жетекшілері тоқсан сайын жиыналыстарда ата-аналармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында ағартушылық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шараны мақсатты өткізу, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыстары нәтижелі ұйымдастыру, «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығармалар байқауы, «Сатылмайтын еңбектің бейнесі» сурет байқауы сияқты іс –шаралар оқушыларда жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырып, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылатары сөзсіз. Осы бағытта жүргізілетін іс-шаралар қорытындысы үнемі мектеп сайты менмектепішілік «Кәусар бұлақ» газетіне шығарылып отырылуын қадағалау тәрбие ісінің орынбасарына тапсырылады.

Мектеп директоры:Б.О.Садыков

]]>
А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектепте түсіндірме жұмысын өткізу туралы

admin Tue, 24 Sep 2019 23:49:33 +0500
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/70-sybaylas-zhemorlya-arsy-s-imyl-turaly-za.html https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/70-sybaylas-zhemorlya-arsy-s-imyl-turaly-za.html  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.

МАЗМҰНЫ

Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру

Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:

1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;

2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адам;

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері;

5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;

6) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

12) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген.

3-бап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге де қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

3) жариялылық пен ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ

6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;

6) қаржылық бақылауды;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;

8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;

9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;

10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;

13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.

5. Осы баптың ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.

3. Осы баптың 2-тармағының күші мына салалардағы қатынастарға:

1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға;

2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге;

3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге;

4) сот төрелігіне;

5) жедел-іздестіру қызметіне;

6) қылмыстық-атқару қызметіне;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауға қолданылмайды.

4. Осы баптың 2-тармағының ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.

5. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.

4. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

10-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.

РҚАО-ның ескертпесі!
11-баптың 9-тармағының қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 18.11.2015 № 410-V Заңының 27-бабынан қараңыз.

11-бап. Қаржылық бақылау шаралары

1. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын:

1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;

2) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

2. Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар мен олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретінде тіркелгенге дейін ұсынады.

3. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:

1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.

4. Есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алған жағдайда, осы баптың 3-тармағында аталған адамдар кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді.

5. Активтері мен міндеттемелері туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша және тәртіппен ұсынылады.

6. Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны немесе кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы туралы мәлімет салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен орналастырылады.

8. Мыналардың:

осы баптың 2-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – тіркеуден бас тарту немесе тіркеу туралы шешімдердің күшін жою үшін негіз болып табылады;

осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

9. Мыналар:

1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

2) "А" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);

4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);

5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтер есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде жариялануға жатады.

Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) орналастырады.

10. Осы баптың 7-тармағының және 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптары мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қолданылмайды.

11. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесі құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

12. Мемлекеттік кіріс органдарына келіп түсетін, осы бапта көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

13. Қызметтік және салықтық құпияны құрайтын мәліметтер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.

Ескертпелер.

1. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар деп – аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар танылады.

2. Осы бапта ұйымдық-өкімдік функциялар деп – адамдардың заңнамада және құрылтай құжаттарында көзделген, ұйымның атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Осы функцияларға ұжымды жалпы басқару, кадрларды іріктеу мен орналастыру, бағынысты адамдардың еңбегін ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданудан көрінетін, тәртіпті қолдау жатады.

3. Осы бапта әкімшілік-шаруашылық функциялар деп – толық материалдық жауаптылық жүктелген адамдардың берілген өкілеттіктер шеңберінде мүлікті, оның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оған билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі.

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

2. Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.

4. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

13-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда), лауазымды адамдарға:

1) егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де игіліктер алу мақсатында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;

2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады.

2. Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйымдарда басқарушылық функцияларын орындайтын адамдар Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың басқару органдарында, байқау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымды атқаруға құқылы.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйді мүліктік жалдауға (жалға) беруге және осындай тапсырудан кіріс алуға құқылы.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лауазымға тағайындалғанға дейін сатып алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлар пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

5. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, осы функцияларды орындау уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

6. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландыруға жатады.

7. Акцияларды сатып алған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сатып алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) шартты нотариат куәландырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.

8. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) және лауазымды адамдардың осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындамауы, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.

Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстар деп ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балалары түсініледі.

15-бап. Мүдделер қақтығысы

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға:

1) осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.

16-бап. Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары

1. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша:

1) шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;

2) адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;

3) мүдделер қақтығыстарын болғызбау;

4) іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдау;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды.

2. Кәсіпкерлік субъектілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) әзірлеуі және қабылдауы мүмкін.

17-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама – сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған құжат.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасы Президе

admin Tue, 24 Sep 2019 23:49:01 +0500
Нормативтік құжатпен таныстыру https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/49-normativtk-zhatpen-tanystyru.html https://20-oskemen.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/49-normativtk-zhatpen-tanystyru.html
Мерзімі: 26.05.2018
Өткізілген орны: Акт зал
Өткізді: Тәрбие ісінің орынбасары
Қатысушылар саны: 51 мұғалім

Тыңдалды:
Мектептің тәрбие ісінің орынбасары А.Б.Имангалиева 2017-2018 оқу жылында аталған тақырып бойынша мектепте өткізіліп отырған іс-шараларды атай келе, осы заң саласында педагогикалық ұжымға кезекті түсіндірме жұмыстарына тоқталды.
Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың бастамасы жастарды бала кезінен тәрбиелеу екені белгілі. Біздің мектебімізде де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, жұмыс түрлері жүргізілуде.
Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты өткізіп келеді. Сонымен қатар «Парасатты азамат» бұрышы, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыстары нәтижелі жұмыс ұйымдастырды. Келесі оқу жылында да жалғасын табатыны сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық саясатының міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
Осы орайда әрбір мұғалім білуі тиіс:
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібін;
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.
1424 Сall-орталығына қоңырау шалу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарламаларды қабылдайтынын білесіздер. Бүгінгі тақырыпты «Жемқорлықсыз қоғам - нұрлы болашақ кепілі» деп қорытындылаймын.

admin Mon, 04 Jun 2018 07:37:55 +0500