Оқушыларға - Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска https://20-oskemen.mektebi.kz/ ru Оқушыларға - Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска DataLife Engine Ішкі тәртіп ережесі 2024 жыл https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/shk-trtp-erezhes/771-shk-trtp-erezhes-2024-zhyl.html https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/shk-trtp-erezhes/771-shk-trtp-erezhes-2024-zhyl.html 29.08.2024 жылғы 

№1 Педагогикалық 

кеңеспен  «Бекітілді»:

Мектеп директоры

_______ Е.Т.Арнапасов



ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің 

«Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысының негізінде

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

КІРІСПЕ

1. Берілген ережелер заңдар мен заңнамаларға, құқықтық актілерге, нормативті құжаттарға сүйене отырып, мектеп Жарғысы негізінде құрастырылған.

2. Нақты ережелер оқушылар,  ұстаздар мен ата-аналар арасындағы тәртіпті реттейді, сонымен қатар олардың арасындағы қарым-қатынастың жалпы міндеттерін жүктейді.

3. Негізгі ережелердің мақсаты:

а) Оқу ісін, жұмыс тәртібін ұйымдастыруды жалпы әдістемемен қамтамасыз ету.

б) Сабақты дұрыс және ұтымды ұйымдастыру.

с) Жаңадан келген және себепті жағдайлармен кеткен оқушылар үшін оқу ісін ұйымдастыру туралы мәлімет беру.

4.Берілген ережелер мектептің барлық оқушыларына, ата-аналарына, ұстаздарына қатысты.

5. Ішкі ережелердің тәртібі 4 тараудан тұрады.

1 тарау. Оқу процесіне қатысушыларға арналған бірыңғай ережелер, мәдени тәртіпке қойылатын жалпы талаптар көрсетілген.

2 тарауМектеп оқушылары үшін ережелер көрсетіледі.

3 тарау. Мектеп оқушыларының ата-аналары үшін ережелер белгіленеді.

4 тарауМектептің педагогикалық ұжымының жұмысын жарнамалайтын ережелер берілген. 

6. Осы кірістірілген, баяндалған ережелерге   байланысты келіспеушіліктер, сонымен қатар оқушылармен, ұстаздармен және ата-аналармен талас сұрақтар туындаса,  мектеп директоры өзі жекелей шешеді немесе әкімшілік кеңесте қаралып, шешім қабылданады.

7. Берілген ережелер оқушыларға және олардың ата-аналарына сынып сағаттары және ата-аналар жиналысы арқылы жеткізіледі.

8. Ережелер кеңседе сақталады, мектептің сайтында жарияланады және барлық оқушылар, ата-аналар, ұстаздар үшін қол жетімді.









І тарау.

Жұмыс кестесі.  Жалпы тәртіп.  Құқық.


І. ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

1. А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің жұмыс күні аптасына 5 күн, 2 ауысымда жұмыс жасайды.

2. Оқу жылы 34 аптадан тұрады. Мектеп демалыстары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің шешіміне сай жүргізіледі.

3. Сыныптардағы оқу процесі 25 мамырға дейін мектептің оқу ісі орынбасары құрастырған сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Сабақ кестесі мектептің кәсіподақ ұйымымен келісіліп,  директормен бекітіледі.

4. Мектеп сабақтары 8.00-де басталады.  Сабақ 45 минуттан жүргізіледі, үзілістер 5 - 20 минут. Қосалқы тамақ ішу кезіндегі үзіліс 20 минут. 

5. Мектепте ақысыз үйірмелер, секциялар жұмыс жасайды.

6. Мектептің сайтында, инстаграм парақшасында мектептің жұмысына бағыт беретін ақпараттар жарияланады. Мектепке қабылдау тәртібі, мектепішілік тәртіп ережелері, сабақ кестесі, мектептің байланыс құралдары.


ІІ ЖАЛПЫ ТӘРТІП

1. ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес, барлық мамандықтардың пән мұғалімдері білім беру үрдісі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бекітілген кестеге сай кезекшілік жүргізеді. Жауапты кезекші  әкімшілік, мұғалім мен кезекші оқушылар бірінші сабаққа 20 минут бұрын келеді. 

2. Мұғалімдер өз сыныбында мектеп оқушыларын сабаққа 07:45  минут қалғанда қабылдайды. 

3. Барлық оқушылардың мектеп формасында болуын сабақ барысында мұғалім қадағалауы міндетті.

4. Оқушылар  сыртқы  киімдерін  сабақтан кейін кезекші мұғалім немесе сынып жетекшінің қадағалауымен алады.

5. Бағалы заттарға, ұялы телефондарының және ақшаның жоғалуына мектеп ұжымы, әкімшілік жауап бермейді.

6. Сабақ уақытындағы үзілістер оқушылар мен мұғалімдердің демалуына, қосалқы тамақтануына, келесі сабаққа дайындалуына және т.б. қолданылады. Үзіліс кезінде кезекші мұғалімдер және оқушылар өз орындарын тәртіппен, тазалықпен қамтамасыз етеді.

7. Оқушылар мектеп асханасында арнайы жасалған кесте бойынша тамақтана алады.

8. Оқушылар асханада болған кезде: мұғалім мен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сұйық тамақтарды алу барысында мұқият сақтықпен қолдану, асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдармен тек асханада ғана тамақтанады, асханада оқушылар өздеріне қызмет етеді.

9. Асханада оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды, тәртіптерін қадағалауды, асханадағы кезекшісі және асханаға оқушыларды әкелген  мұғалімдер   кезекші мұғалім іске асырады.

10. Оқу үрдісі кезінде бөтен адамдарға, ата-аналарға әкімшіліктің келісімінсіз мектепке кіруге рұқсат етілмейді. Мектепке шақырылған қонақтар, ата-аналар жайлы мектеп әкімшілігі вахтадағы кезекшіге күні бұрын хабарлап отырады.

11. Сабақ басталарда сынып жетекші оқушыларды қарсы алып, ұйымдасқан түрде сынып бөлмесіне апарады. Сабақ аяқталған соң оқушыларды мектептен шығарып салады. Сынып бөлмесінде соңғы сабақ берген мұғалім мектептен шықпас бұрын терезелерді, крандарды тексереді, бөлме жарықтарын өшіреді.

12. Сабақтан тыс іс-шаралар жоспар бойынша өткізіледі. Іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шараның өту орыны мен уақыты туралы кезекші әкімшілікке, кезекші мұғалімге хабарлайды. Акт залының, тағы да басқа іс-шара өткізілетін орындардың кілттері жауапты адамға ғана журнал арқылы беріледі.

13. Келушілерді қабылдау. Ата-аналар балаларын 1-ші қабаттағы дәлізде қабылдап алады. Ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер және де басқа да қызығушылық танытқан адамдармен кездесуді реттеу мақсатында мектеп директоры және әкімшілік кеңесінің мүшелерімен қабылдау кестесі бекітіледі. Қабылдау кестесі хабарлама тақталарына ілінеді. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп вахтасында барлық келіп-кетушілерге тіркеу жүргізіледі. Келуші өзін таныстырып, жеке куәлігін немесе паспортын ұсынуға міндетті. Кімге және қайда баратыны көрсетіліп, журналға тіркеліп, кіретін уақыты көрсетіледі. Келуші артық заттарын тексертіп, сырт киімін шешуі қажет. Вахтада келушінің келген, шыққан мерзімін көрсетуі қажет.

14. Мектепте ата-аналар жиналысы әкімшілік бекіткен кесте бойынша өткізіледі. Жоспардан тыс іс-шаралар туралы сынып жетекшісі кезекші әкімшілікке бір күн бұрын хабарлауға тиіс.

15Сағат 08:00-ден 20.00-ге дейін мектеп ғимараты және оның ауласы арнайы жасақтың, күзетшінің, 07:00-дан 19:00-ге дейін вахта қызметінің, кезекші мұғалімнің бақылауында болады. Күнделікті кезекшілік журналға жазылуы тиіс.

16. Оқушылар, ұстаздар және қосалқы қызметкерлер турникет арқылы өткізіледі. 

17. Мектептің және оқушылардың аттестаттауда, сыныптан-сыныпқа көшіру емтихандары кезеңінде келушілерді қабылдау  шектеледі (жеке сұрақтар бойынша келушілер алдын ала хабарласады). Директордың ішкі бұйрығы шығарылады.

18. Қатаң есептегі құжатттарды беру және қатаң есептегі құжаттарды толтыру кезінде кеңседе және директордың қабылдау бөлмесінде өткізу режимі қатаң есептегі құжаттарды толтыру, тексеру сұрағына байланысты күшейтіледі.

ІІІ. МӘДЕНИ ТӘРТІПТІҢ  БІРЫҢҒАЙ НОРМАЛАРЫ

1. Мектепте оқушылар мен қызметкерлердің психологиялық және физикалық қауіпсіздігін, денсаулығын сақтауды мектеп қызметкерлері қамтамасыз етеді.

2. Мектеп оқушылары, мұғалімдері, келушілер жалпы тәртіп ережелеріне сай өзара әдепті қарым-қатынаста болады.

3. Бір-біріне физикалық және моральды түрде күш көрсетуге, педагогикалық этикаға қарама-қайшылық іс-әрекет жасауға  жол берілмейді және жазаланады. Жәбірленген оқушы мектептің кез-келген қызметкерінен көмек сұрауына, ал жәбірленген қызметкер мектеп әкімшілігінен көмек алуына құқылы.

4. Оқушы басқа оқушыға күш көрсетіліп жатқанын көрген жағдайда, өзі араласпай ізінше  мектеп қызметкерлеріне хабарлауға тиіс. Мұғалім, қызметкер болған жағдайға көңіл аударып, ізінше құқық қорғау құрылымдарының қызметшілерін шақыртуға міндетті.

5. Мектепте мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға тыйым салынады:

а). Қоршаған орта үшін қауіпті жағдай тудыратын кез-келген іс-әрекет жасау;

ә). Қарым-қатынасты анықтау үшін қорқыту, ақша талап ету;

б). Суық қару, шприцтер, пиротехникалар, ішімдік сусындар, нашақорлық заттарды әкелу, бір-біріне беру немесе қолдану;

в). Дөрекі сөздерді қолданбау;

г). Ғимараттың ішінде, ауласында темекі шекпеу;

ғ). Сабақ уақытында ұялы телефонды, басқа да электрониканы қолданбау; мұндай заттар (телефон, плеер т.б.) сабақ уақытында партаның үстінде жатпауға тиіс.

д). Мұғалімнің, мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз мектепте аудио және видео түсірілімдер жасауға болмайды.

е). Карта, азарттық ойындар ойнамау;

ж). Төтенше жағдай қажет болмағанда, эвакуациялық баспалдаққа шықпау, есіктерді ашпау;

з). Негізгі мектептің оқушыларына үзіліс және сабақ уақытында мектеп ауласынан шықпау;

и). Жоғалған бағалы заттарға (алтын бұйымдар, ұялы телефондар) мектеп әкімшілігі жауап бермейді. 

6. Талаптар орындалмаған жағдайда мұғалім, мектеп әкімшілігі жоғарыда көрсетілген заттарды (ұялы телефон, плеер т.б.) сақтауға алып қоюға құқылы. Сақтауға алынған заттар ата-аналарға немесе қамқоршыларына беріледі.

7. Сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатқан жағдайда залдан шығуға немесе кіруге, олардың өтілуіне сөзбен, ескертпелермен, қозғалыспен кедергі келтіруге рұқсат етілмейді.

8. Мектептің әрбір оқушысы және қызметкері мектеп ауласындағы қауіпсіздікті сақтап, жоспарланған сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатқанда жолда жүру ережесінің талаптарын қатаң орындайды.

9. Мектеп ауласында оқушылар мен қызметкерлердің өміріне қауіп төндіретін жағдайларды ескерту үшін, мектеп әкімшілігі заңмен қарастырылған және жеке тұлғаны қорғау туралы заңның талаптарын ескере отыра, бақылау жүйелерін қолданады

Сырт пішінге қойылатын талаптар

10. Оқушының сырт пішіні оқу үрдісінің мақсатына сай болуы тиіс. Оқушылар мен мұғалімдер тек іскерлік стильде киінеді. Күнделікті іскерлік стиль – бұл классикалық стильдегі қабылданған мектеп формасы;

а) Қыз балалар үшін:

тізеге дейін қара көк түсті юбка (қысқа болмауы керек), көк түсті жилет және көк түсті пиджак, ақ жейде, күңгірт түсті аяқ киім 3 см биік болмау және мектеп оқушысына сай боялмаған, жинақы шаш үлгісін сақтап жүруі тиіс. 

Классикалық үлгіде еркін пішілген қою көк түсті шалбар (ауа-райына байланысты, күн суытқан уақытта) Шалбардың ұзындығы тобықты жауып тұруы керек.

ә) Ұл балалар үшін:

классикалық үлгідегі қара көк түсті костюм, шалбар, көк түсті жилет ақ жейде. Шалбардың ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Джинсы шалбар киюге рұқсат етілмейді. Шаш үлгісі: Гигиеналық талапқа сай таза, қысқа шаш. 


11. Іскерлік стильге жатпайтындар:

а) Спорттық киімдер, футболкалар, қысқа кеудешелер, ашық өңірлі блузкалар т.б.;

ә) Джинсылар, шалбарлар, қысқа белдемшелер, тізеден 10 см жоғары белдемшелер. т.б.

б) Селдір, түрлі-түсті киімдер т.б.:

в) Аксессуарлар: қымбатты әшекей бұйымдар, салпыншақ сырғалар мен косметикалар, лакпен боялған тырнақ, шашты басқа түске бояуға болмайды.

12. Дене шынықтыру сабақтарында және сыныптан тыс спорттық іс-шаралар өткізген уақытта оқушылар спорттық киімдер киюге міндетті: ақ футболка, спорттық костюм және аяқ киім.

13. Сыныптан тыс іс-шараларды өткізген уақытта оқушыларға өз қалауынша киім стилін қолдануына болады. 

14.  Мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау «Білім туралы» 27.07.2007 жылғы ҚР Заңының 47-бабының 1 – тармағы, 49-бабының  6 – тармағында және ҚР Әділет министрлігінде 16.02.2016 жылғы №13085 болып тіркелген ҚР білім және ғылым министрінің 14.01.2016 жылғы № 26 бұйрығында көрсетілген.


ІҮ. ОҚУ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫ:

Барлық оқу үрдісіне қатысушылар (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) құқылы:

1. Мектеп оқу-тәрбие ісіне қатысты ақпараттарына мүмкіндік алуға, барлық өзгерістер жайында дер кезінде ақпараттар алуға;

Ақпараттар мектептің сайтында жарияланады, оқушыларға сабақта, сынып сағаттарында, ата-аналарға ата-аналар жиналысында айтылады; мұғалімдерге кеңестерде және электронды пошта арқылы беріледі.

2. Қажет болған жағдайда берілетін қосымша көмек.

Оқушылар оқу бағдарламасымен қарастырылған материалды түсіну үшін, мұғалімдер бекіткен кесте бойынша жүргізілетін консультацияларда; ал ата-аналар және мұғалімдер әкімшілік бекіткен қабылдау сағаттарында мәліметтер ала алады.

3. Іс-әрекеттің обьективті және нақтыланған бағасы.

Оқушылар мен ата-аналар мектепті жүйелі бағалау арқылы, мұғалімдерге оқу жылының соңында аналитикалық талдау жасай отырып, нақты бағасын береді;

4. Мектеп қызметкерлері және ата-аналар оқушыларды жәбір көруден сақтайды.

5. Денсаулықты қорғауға: оқу орындарында және қауіпсіздік жағдайларда санитарлық нормаларды сақтау; жұмыс жүктемесінің нормаларын анықтау.

Оқушылардың апталық оқу жүктемесінің және бір күндік бақылау жұмыстарының нормалары сақталған; мерзімнен тыс жұмыс жағдайы және компенсациясы мұғалімдермен келісілген.

6. Уақытында ескертілген болса, мұғалімдер нақты себеппен жұмыстан жазбаша өтініш арқылыоқушылар оқудан босатылады.

Оқушылар, ата-аналар бұл жайында сынып жетекшісінен, мұғалімнен, мектеп сайты арқылы ақпарат алады. Мұғалімдер өз орнына уақытша сабақ беретін мұғалім туралы мектеп әкімшілігіне ескертеді.

7. Сабақтан тыс бос уақытын кезекшілік міндеті болмаса сабақ арасындағы үзілісте пайдаланады.

8. Қоғамдық ұйымдар және мектептің өзін-өзі басқару жұмыстарына қатысады.

Мектептің оқу-тәрбие процесіндегі мәселелерді шешуге, оның жұмысын жақсартуға оқушылар кеңесінде, әкелер - әкелер кеңесінде, ата –аналар - ата –аналар кеңесінде, мұғалімдер- мұғалімдер кеңесінде өз пікірлерін айта алады.

9. Мектеп оқушылары және ата-аналарымен жыл сайын сауалнама жүргізе отырып, аналитикалық талдау барысында өз пікірлерін айта алады.


ІІ тарау

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН  ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп» КММ оқушылары Қазақстан Республикасының Заңнамалары актілерін орындауға міндетті, сонымен қатар:

1. Үнемі сабаққа қатысады, өз мүмкіндігінше оқиды, дамиды. Сабаққа қатыспаған жағдайда электронды журналда өзінің сабаққа қатыспағандығын дәлелдейтін құқықтық анықтамасы көрсетіледі.

2. Сабаққа қатыспаған жағдайда оқушы өз бетімен оқу материалдарын талдап, электронды журналдан ақпараттарды оқып, сабаққа дайындалады. Егер де қандай да бір жағдаяттар туындаса, кесте бойынша бекітілген консультацияларда мұғалімнен көмек сұрай алады.

3. Оқушы сабақта мұғалім белгілеген орында отырады. Оқушы үй тапсырмасын орындамағандығы туралы, егер нақты дәлелі болса, мұғалімге сабақтан бұрын хабарлайды. Оқушы мұғалімнің берген үй тапсырмасын күнделікке жазуға міндетті.

4. Мектепте өткізілетін іс-шараларға және сабақтарға кешікпеуге міндетті. Ескерту қоңырауы соғылғаннан кейін оқушы сыныпқа кіріп сабаққа дайындалады, ал екінші қоңырау соғылғанда, ол сабаққа дайын болуы керек. Егер оқушы сабаққа кешігіп қалса, себебін түсіндіріп, мұғалімнің рұқсатымен ғана өз орнына отырады.

5. Сабақта пән мұғалімінің талаптарын орындайды. Сабақ тәртібін сақтап, сабаққа қажетті барлық оқу құралдарын дайындайды. Оқушыларға сабақ барысында басқа нәрсемен айналысуға, мұғалімнің рұқсатынсыз басқа орнынға отыруға, өз орнынан тұрып сыныптан шығып кетуге қатаң тыйым салынады.

6. Сабақ аяқталмас бұрын мектептен шығуға сынып жетекшісінен немесе кезекші әкімшіліктен рұқсат алады. Оның себебі, баланың ауырып қалуы, ата-анасының анықтамасы, басқа мемлекеттік мекемеге шақырылуы және де т.б. болып табылады.

7. Мектеп ғимаратындағы құрал жабдықтарға, оқулықтарға, оқу құралдарына мұқият қарайды. Мектеп мүлкіне зиян келтірген жағдайда, оқушы және ата-анасы қойылған тәртіп бойынша мүліктің бағасын өтейді.

8. Мектептен алған оқулықтарын оқу жылының соңында немесе мектептен кетіп жатқан жағдайда тапсырады.

9. Мектептің ішінде және оның аумағында тәртіп пен тазалықты сақтайды, мектептегі және сыныптағы кезекшілікті ұқыпты орындайды.

10. Жас ерекшеліктеріне қарай мектепішілік еңбекке, сыныптың ұжымдық еңбектеріне қатысады.

11. Өрт қауіпсіздігі  және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

ІІ ОҚУШЫЛАРҒА ӘСЕР  ЕТУ  ЖӘНЕ  ОЛАРҒА  КӨМЕК  КӨРСЕТУ ШАРАЛАРЫ

Берілген тарау  мектеп оқушыларына әсер ету және қолдау шараларын реттейді, оқушы құқықтары мен міндеттерін орындауына байланысты мадақталып отырады.

1.Төменде берілген шаралардың ықпалдары :

а)  Мектепте жұмыла жемісті еңбек жасау үшін қолайлы жағдай жасау;

ә) Оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасау;

б) Ішкі тәртіптің ережелерін орындауға және саналы тәртіпке негізделген мектеп тәртібін қолдау;

в) Мектепте қауіп-қатер төндіретін жағдай туындағанда ескерту;

2. Оқушы үздік оқығаны және пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болғаны үшін, спорттық жарыстарға, оқу және шығармашылық сайыстарға, мектепте қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін келесі марапаттамалар беріледі.

а) Қорытынды бақылау жұмысынан, сынақ тапсырудан мұғалімнің рұқсатымен босатылады.

ә) Мектеп бұйрығы бойынша оқушыларға, барлық ұжым мүшелеріне, ата-аналарға хабарлай отыра алғыс жариялайды.

б) Алғыс хат және мадақтамамен марапатталады.

в) Директордың қатысуымен салтанатты жиынға шақырылып, марапатталады.

г) Ата-аналарды алғыс хатпен марапаттайды.

3. Мектепте оқушыларға келесі қолдау шаралары көрсетіледі:

а) Жеке консультациялар өткізіледі.

ә) Дамыту сұхбаттары жүргізіледі.

б) Алдағы жұмыста келісімге жету мақсатында үшінші жақтың көмегімен мәселе шешіледі.

в) Тоқсанға жеке жұмыс жоспары құрастырылады.

г) Жеке оқу бағдарламасы қолданылады.

д) Мектеп үйірмелеріндегі сабақтармен қамтамасыз етіледі.

и) Мамандардың көмегін қолдану, оқушыларға көмек көрсететін мамандарды тағайындау.

4. Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда оқушыға қатысты мектепте келесі шаралар қолданылады:

а) Оқушыға жеке ауызша ескерту;

ә) Күнделікке және ата-анамен байланыс дәптеріне ескерту жазу/ электрондық журналға енгізу;

б) Сынып жетекшісі және пән мұғалімі оқушының ата-анасымен баланың тәртібін талқылайды.

в) Сабақтан соң кесте бойынша бекітілген консультацияға немесе бір жарым сағаттық белгіленген жұмысты атқаруға міндетті.

г) Әкімшілік оқушымен жеке сұхбат жүргізеді (қажет жағдайда ата-ананың қатысуымен), оқушының қол қоюы арқылы келісімге келу.

д) Жағдаятты ұжымдық талқылау және тиімді түрде шешу жолдарын табу үшін педагогикалық консилиум құру.

ж) Оқушыға алдағы қолданылатын шаралар туралы жазбаша ескерту (мектептен шығару)

з) Директордың бұйрығы бойынша жазбаша ескерту жасау.

и) Оқушының қатысуымен оның тәртібін педагогикалық кеңесте немесе құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы ішкі тәртіпті түзету кеңесінде талқылайды.

к) Ата-ананың және оқушының келісімімен мектептің қоғамдық пайдалы жұмысына араластыру.

л) Сыныптан тыс іс-шараларға қатысуға және сапарға шығуға уақытша тыйым салынады.

6. Жоғары тұрған органдардың әрекеттесуімен, педагогикалық кеңестің шешімімен 10-11 сынып оқушылары мектептен шығарылуы мүмкін. Оған негіз болатындар:

а) Ішкі тәртіптің ережелерін бұзғаны жөнінде бірнеше жазбаша тіркелген тәртіп бұзушылық;

в) Оқу жылында екі немесе одан да көп нашар бағасы болса;

с) Көптеген себепсіз босатылған сабақтар;

7. Егер көрсетілген шаралар еш нәтижеге жетпеген болса немесе оларды оқушы мен ата-ананың байланысы болмағандықтан пайдалана алмаса, онда кәмілеттік жасқа толмағандардың ісі қаралатын қалалық комиссияға құжаттары дайындалады және басқа мектепке ауыстырылады.


ІІІ ТАРАУ

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

І ЖАЛПЫ БІЛІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ШАРАЛАР

Берілген шаралар Заңның негізінде (заңға сүйену) мемлекеттік білім беру бағдарламасының аясында тегін білім алуға құқылы етеді.

1. Ата-ана мектеп жасындағы баланың үйде және мектепте оқуына қолайлы жағдай жасай  отыра, оның дамуына мүмкіндік беруге міндетті.

2. Ата-ана мектепке өзінің мекен-жайы туралы хабарлайды және оның өзгергені жайлы алдын-ала ескертеді.

3. Ата-ана оқу процесін реттейтін негізгі құжаттармен, мектептің  ішкі тәртіп ережелерімен таныса отыра, өзінің тәрбиелік күш жігерін бала тәрбиесіне жұмсайды.

4. Ата-ана мектеппен қарым-қатынасын  келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырады:

а) Ата-аналар жиналысына қатысу;

ә) Күнделікті оқушының білімін күнделігі және электронды журнал арқылы қадағалап отыру;

б) Мұғалімдердің және тәрбиешілердің жазбаша ескертулеріне уақытында көңіл бөлу;

б) Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерімен кездесу;

в) Жеке сұхбаттардың барысындағы келісімдерді орындау;

5. Ата-ана баланың сабаққа қатыспайтындығы туралы, себебін көрсете отыра, электронды журнал арқылы (тіпті болмаса күнделік арқылы) бірінші күні хабарлауға міндетті. Жоспарлы түрде сабақ босатылатын болса, мысалы дәрігердің қабылдауына бару, алдын-ала күнін және себебін көрсетіп хабарлама жазып жіберу керек.

6. Оқу процесінде сабақты босату себептері мынадай:

а) Оқушының ауырып қалуы;

ә) Ерекше ауа райы жағдайы (негізі: министрліктің шешімі);

б) Мектеп оқушыларының жарыстар, сайыстар, олимпиадалар, жобаларға қатысуы;

в) Маңызды-төтенше отбасылық жағдайлар.

ІІІ. АТА-АНАЛАРҒА ӘСЕР ЕТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

1. Ата-аналар мұғалімдерден қосымша ақпараттар алуға құқылы, қойылған бағалар, оқушының үлгерімі және балаға қиындық тудыратын жайттар туралы жеке консультациялар арқылы түсініктеме алады, мектепте  қалыптасқан дамытушылық сұхбаттарына және басқа да ақпараттық каналдарға атыса алады.

2. Егер ата-ана 1 бөлімде көрсетілген міндеттерді атқармаса, мектеп баланың құқығын қорғау үшін шаралар қолданады.

3. Егер де балаға берілген анықтамада көрсетілген себептерге күдіктенетін болса және оқушы сабақты көп босатқан жағдайда, мектеп қызметкерлері ата –анасынан қосымша түсініктеме талап етуге немесе оқушының мекен-жайы бойынша қалалық басқару бөлімінен көмек сұрауға құқылы.

4. Егер ата-ана оқушының сабаққа қатыспайтыны жайлы хабарламаған болса және оның себебін анықтау мүмкін емес жағдайда, мектеп екінші күні оқушының мекен-жайы бойынша қалалық білім бөліміне хабарлайды

5. Барлық сабақ сағаттарының тоқсан бойынша 20 пайызын себепсіз босатқан болса, ол оқушының аты-жөні жалпы білім беру жүйесіне жіберіледі.

6. «Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді» деп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 жылғы № 26 бұйрығы 21-тармағында көрсетілген. 

ІV ТАРАУ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН РЕГЛАМЕНТТАУ

І. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР


1. Барлық  мұғалімдер  жылына  бір  рет  медициналық  тексерістерден  өтіп, анықтамасын  әкеледі.

2. Оқушының физикалық мүмкіншіліктерін және қабілетін ескере отыра, мұғалім оның өз пәні бойынша ойдағыдай білім алуына қолайлы жағдай жасайды.

3. Мұғалім бекітілген сабақ кестесі бойынша жұмыс атқарады, жеке себептерге байланысты жұмысқа шыға алмаса, ол жайында дереу мектеп әкімшілігіне хабарлайды.

4. Жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік парақ ашылған болса, ол жайында жұмыс күні басталмас бұрын өз орнына сабақ беретін мұғалімге хабарлайды, жұмысқа шығар алдында да ескертуі тиіс.

5. Басқа мұғалімнің орнына сабақ беру бекітілген қаулы бойынша сол пән мұғалімімен жүзеге асырылады,  ондай мүмкіндік болмаған жағдайда басқа пән мұғалімі сабақ береді.

6. Мұғалім сабақ барысында сабаққа қатыспаған және кешіккен оқушыларды, балалардың сабаққа деген даярлығын бақылайды. Мұғалім сабақ барысында оқушылардың тәртібін және мектеп мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мектеп мүлкі жоғалған жағдайда, ізінше сынып жетекшісіне және жазбаша түрде мектеп басшысына хабарлайды.

8. Мұғалім сабақ уақытын оқу-тәрбие жұмысына максимальді жұмсайды. Мұғалім сабақ барысында оқушыны сабақтан шығарып жібере алмайды немесе ұялы телефонмен байланыс жасауына рұқсат етпейді. Оқушының сабақтан шығуына төтенше жағдайларда ғана рұқсат беріледі.

9. Оқушылардың бағалары электронды пошта арқылы беріліп отырады. Мұғалім оқушылардың бағаларын нақтылайды, сабақ туралы хабарды электронды поштаға енгізеді. Ата-ана мен сынып жетекшісімен келіскен жағдайда пән мұғалімі бағаны күнделікке жазып, өз қолын қояды.

10. Мұғалім қоңырау соғылысымен сабақты аяқтайды, оқушыларға сыныптан шығуға рұқсат береді.

11. Мұғалімдер үзіліс кезінде барлық оқушылардан әдепті, тәртіпті талап етеді. Директормен бекітілген кестеге сай және кезекшілік туралы қаулы бойынша кезекшілік жүргізіледі.

12. Соңғы сабақ өткізген мұғалім оқушыларды сыныптан шығарып салады.

13. Сабақтан тыс уақытта қажетіне қарай мұғалім консультациялар немесе қосымша сабақтар өткізеді.

14. Пән мұғалімі мектепішілік және сыныпта өткізілетін ата-аналар жиналысына қатысады.

15. Барлық педагогикалық ұжым сабақтың алдында және жұмыстың соңында электронды пошта немесе басқа да мектептің ақпараттық жүйелері арқылы әкімшілік берген жүктемелермен танысады. Ол барлық өндірістік кеңестерге, педагогикалық кеңестің жұмысына қатысады.

16. Оқушыларға және бөгде бөтен адамдарға, кеңестер мен педагогикалық кеңестерде талқыланатын конфиденциалдық ақпараттарды хабарлауға тыйым салынады.

17. Барлық пән мұғалімдері ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы Педагогикалық әдеп қағидалары бұйрығының 3- тарау, 8 - тармағына сәйкес білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарауды іске асыруда оқу кабинеттерінің талапқа сай болуына жауапкершілік алады.

18. Пән бірлестіктері ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 маусымдағы № 194 бұйрығы негізінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын әр айға берілген құндылыққа және жобаларға байланысты жүзеге асырады. 

19. Мұғалімнің жұмыс күні оның жұмыс кестесімен нақтыланады. Мұғалімнің атқаратын жұмыстары: 

а) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құқылық актілерімен, мектептің ішкі құжаттарымен танысу;

ә) Мектеп құжаттарын дұрыс толтыру; (электронды журнал, аналитикалық есеп, қозғалыс кітаптары, оқушы билеттері т.б.)

б) Оқу бағдарламаларын, оқу материалдарын құрастыру;

в) Жас мамандармен сабақ жоспарларын құрастыру;

г) Мезгілімен жұмыс жоспарларын, бақылау жұмыстарының кестесін құрастыру және мектептің оқу ісі меңгерушісіне көрсету; (мерзімді оқу ісінің меңгерушісі анықтайды)

д) Сабақтарға дайындалу;

ж) Дәптерлерді тексеру:

з) Бақылау жұмыстарын құрастыру, тексеру және талдау жасау;

и) Консультациялар ұйымдастыру, (бекітілген кесте бойынша), сонымен қатар емтихандарға дайындалу, емтихандар қабылдау;

к) Кезекшілік;

қ) Сыныптан тыс іс-шаралар (саяхаттар, экскурсиялар, мектепішілік іс-шаралар, ата-аналар жиналысы);

л) Педагогикалық кеңестерге, жұмыс жиылыстарына, пәндік секцияларға қатысу;

м) Өз білімін жетілдіру (сонымен қатар өз білімін жетілдіру курсы);

н) Сабақ аяқталған соң ағымдағы күні электронды журналды толтыру;

ІV. МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ЖӘНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ.

Берілген шаралар мектеп мұғалімдері жұмыстарының тиімділігін арттыру, орындаушылық тәртіпті жоғарылату, мектепішілік іс-әрекетіне ынталандыру мақсатында қолданылады.


Қызметкерлерді мадақтау.

1. Еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, жоғары нәтижеге жеткені, көп жылғы еңбегі, мерзімнен тыс жұмыс жасағаны, мектеп жұмысына жаңашылықтар енгізгені және т.б. жетістіктері үшін келесі мадақтаулар беріледі;

1.1 Ұстаздарды мұғалімдердің, ата-аналардың жиналысында, директордың салтанатты қабылдауында, халық алдында марапаттайды;

1.2 Бұйрық бойынша алғыс жариялау;

1.3 Грамота, дипломмен марапаттау;

1.4 Мұғалімнің келісімімен қалалық, республикалық сайыстарға ұсыну;

1.5 Мұғалімнің келісімімен аудандық, қалалық, республикалық деңгейдегі жауапты іс-шараларға ұсыну;

1.6 Өз тәжірибесін жинақтауға, басылымдарын дайындауға немесе дидактикалық көрнекіліктерді басып шығаруға көмектесу;

1.7. Мұғалімнің келісімімен авторлық бағдарламаны құрастыруға және бекітуге көмектесу;

1.8 Мектептің мүмкіншіліктеріне қарай оқу жүктемелерін таңдау, қалауы бойынша жұмыс кестесін орнату;

1.9 Ұстаздарға атақтарын алуға өтініш беру;

1.10 Өз білімін жетілдіру дәрежелі курстарына жолдама алу, мұғалімнің сұранысы бойынша дамыту курстарына жіберу;

1.11 Бағалы сыйлық;

1.12 Демалыс уақытындағы қосымша демалыс күндері; (Ұжымдық шартта белгіленген тәртіп бойынша)

2. Мадақтаудың материалдық қорын және мадақтаудың түрін әкімшілік немесе директордың қатысуымен құрылған әкімшілік мүшелері,  мұғалімдер кеңесі, қамқоршылар кеңесі, кәсіподақ кеңесі тағайындайды.

3. Материалдық көтерме берілетін мұғалімдер:

3.1. Оқу-тәрбие процесіндегі жоғары деңгейдегі нәтижелері үшін (мемлекеттік емтихандар, деңгейлік жұмыстар, нәтиже динамикасы, оқу процесіндегі бірқалыпты жоғарғы көрсеткіштер);

3.2. Оқушылардың пәндік олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар, мектепішілік жобалар және сайыстардағы жоғарғы көрсеткіштері үшін;

3.3. Оқушылардың спорттық және шығармашылық жетістіктері, сонымен бірге сабақтан және мектептен тыс іс-шаралардағы жоғарғы көрсеткіштері үшін;

3.4. Мұғалімдердің авторлық бағдарламаларды құрастыруы және енгізуі, ғылыми зерттеушілік, ғылыми әдістемелік, экспериментальдық жұмыстардағы жоғарғы нәтижелері және көрнекті сабақтары үшін;

3.5. Қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін; 

3.6. Мектептің дамуына белсенді атсалысқаны үшін; (ӘБ жетекшісі семинарларда және педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу, салт-дәстүрлерді қолдау және т.б.);

4. Мұғалімдерді ынталандырудың қосымша түрлерін пайдалануға, мектептің басымшылық бағытындағы жұмыстарына әкімшілік мүшелерінің қызығушылығын арттыруды мектеп әкімшілігі қолдануға құқылы;


Қызметкерлердің тәртіпке жауапкершілікпен қарауы

5. Қызметтегі нұсқауларды бұзу, директордың бұйрығын, орындаушылық тәртіпті бұзғаны және басқа да жұмыстағы тәртіп бұзушылық көрсеткені үшін келесі тәртіпке шақыру ережелері қолданылады:

5.1. Тәртіпті бұзғаны жайында жазбаша түсініктеме талап ету. Түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда кәсіподақ мүшелерімен келісе отырып, актілеу жүргізу

5.2. Мектепішілік бақылау анықтамаларында тәртіпті бұзғанын жазбаша тіркеу;

5.3. Әкімшілік кеңесінің мүшелерімен сұхбаттасу, сұхбат хаттамасында келісімді тіркеу;

5.4. Директордың бұйрығымен жазбаша ескертпе жасау;

5.5. Әкімшілік кеңестің отырысына шақыру;

6. Еңбек міндеттерінің дөрекі тәртіп бұзушылығы болып саналады:

6.1. Жұмысқа алкогольдік ішімдік ішіп немесе нашақорлықтың әсерімен келсе;

6.2. Этикалық нормаларға қарама-қайшы әрекет жасап, сенімнен шыққанда; Жұмысқа себепсіз кешігіп келу, жұмыс берушінің рұқсатынсыз жұмыс орнынан ерте кету;

6.3. Өз еркімен жұмысқа шықпау;

6.4. Жұмыс берушіге, әріптестеріне, оқушыларға материалдық зиян келтіру;

6.5. Еңбектің ішкі тәртіп ережелерін және қауіпсіздік талаптарын елемеу;

6.6. Еңбек талаптарын және қызметтік нұсқауларды қасақана орындамау;

6.7. Бұл қызметкердің еңбек шарттарына кіре тұра, нысананы (класс, кезекшілік посты, т.б.) қараусыз тастап кету, орнында болмау;

7. Қызметкердің тәртіп жауапкершілігі туралы заңға негізделген тәртіпті бұзу жазасының келесі түрлері жұмыста дөрекі тәртіп бұзушылық болған жағдайда қолданылады;

7.1. Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс;

7.4. Еңбек шартын тоқтату.



]]>
admin Tue, 10 Sep 2024 11:22:40 +0500
Спорттық секциялардың өту кестесі 2024-2025 жыл https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/jrme-sekcija/770-sportty-sekcijalardy-tu-kestes-2024-2025-zhyl.html https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/jrme-sekcija/770-sportty-sekcijalardy-tu-kestes-2024-2025-zhyl.html
]]>
admin Tue, 10 Sep 2024 11:19:13 +0500
Өзіңізді жәбірлеуге жол бермеңіз https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/363-zzd-zhbrleuge-zhol-bermez.html https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/363-zzd-zhbrleuge-zhol-bermez.html
]]>
admin Mon, 24 Jan 2022 15:14:30 +0500
БӨГДЕ АДАМДАРДАН ҚОРҒАНУ. ЖАДЫНАМА. https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/362-bgde-adamdardan-oranu-zhadynama.html https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/362-bgde-adamdardan-oranu-zhadynama.html
]]>
admin Mon, 24 Jan 2022 15:12:20 +0500
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/361-internet-zhelsndeg-aupszdk-bojynsha.html https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/361-internet-zhelsndeg-aupszdk-bojynsha.html


]]>
admin Mon, 24 Jan 2022 15:11:10 +0500
ТҰМАУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ? https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/360-tmau-turaly-ne-blesz.html https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/360-tmau-turaly-ne-blesz.html    Тұмау (грипп) – жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануымен және интоксикация (ағзаны улау) белгілерімен сипатталатын аса жұқпалы инфекциялық аурулардың бір түрі. Аурудың атауы француздың «grippe» – «ұстау» сөзінен туындаған. Тұмаудың вирустық сипатын алғаш рет 1933 жылы ағылшын мамандары Smith, Andrewes, Leidlaw анықтады. Оның қоздырушылары – ортомиксовирустар тобына жататын құрамында вирустары бар РНҚ (рибонуклеинқышқылдары). Олар жекелеген үш түрге топталады: А, В, С. Тұмаудың вирустары – жасушаішілік (внутриклеточные) паразиттер.















]]>
admin Tue, 18 Jan 2022 11:44:34 +0500
КӨҢІЛ КҮЙ ТАҚТАСЫ! https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/359-kl-kj-tatasy.html https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/359-kl-kj-tatasy.html Көңіл күйі, көңіл-күй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.]]> Көңіл күйі, көңіл-күй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.









]]>
admin Tue, 18 Jan 2022 11:34:42 +0500
БАЛА БОЛСАМ ДА, МЕНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМ БАР! https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/358-bala-bolsam-da-men-ytarym-bar.html https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/358-bala-bolsam-da-men-ytarym-bar.html БАЛА БОЛСАМ ДА, МЕНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМ БАР! 
🔷Бала - тұлға, Бала - адам. Баланың адам болғандықтан құқықтары бар. 
🔷Бала құқығын қорғайтын Конвенцияға қол қойған 193 мемлекеттің арасында менің мемлекетім - Қазақстаным болғандықтан, мен осы құқықтардың бәріне толық ие болуға ҚҰҚЫЛЫМЫН!

]]>
БАЛА БОЛСАМ ДА, МЕНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМ БАР! 
🔷Бала - тұлға, Бала - адам. Баланың адам болғандықтан құқықтары бар. 
🔷Бала құқығын қорғайтын Конвенцияға қол қойған 193 мемлекеттің арасында менің мемлекетім - Қазақстаным болғандықтан, мен осы құқықтардың бәріне толық ие болуға ҚҰҚЫЛЫМЫН!












]]>
admin Tue, 18 Jan 2022 11:18:54 +0500
Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/349-ys-mezglndeg-aupszdk-sharalary.html https://20-oskemen.mektebi.kz/oushylara/349-ys-mezglndeg-aupszdk-sharalary.html   
   ]]>
     Мектебімізде балалардың қыс мезгіліндегі қауіпсіздігі, мұз бетіндегі қауіпсіздігі, мұз сүңгілерінен сақтану, қорғану әдістерін есте сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Камканов Еркин Сабетканович және Байжуманов Алмас Агламбекович балаларға "Мұз үстінде жүру ерекшеліктерін" түсіндірді:           
  
   ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ!
♦️ қатпаған мұз үстіне шықпау;
♦️ мұз үстінде топ болып тұрмау;
♦️ мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамау;
♦️ биік жардан шана, шаңғымен сырғанамау;
♦️ мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу.
 ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицер аға лейтенанты  Мухамеджанов А.С. және Акзамбеков А.Е. балаларға мұз бетіндегі алдын ала сақтандыру шаралары және тәртіп ережелері туралы жаднама таратты.





]]>
admin Tue, 07 Dec 2021 18:29:48 +0500
Учаскелік полиция инспекторы https://20-oskemen.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/337-uchaskelk-policija-inspektory.html https://20-oskemen.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/337-uchaskelk-policija-inspektory.html Құрметті оқушылар және олардың ата-аналары!

Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ ЖПКБ ЮПТ кәмелетке толмағандардыңістері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы 

полиция аға лейтенанты Жумаханова Зарина Бауыржанқызы

қызмет көрсететінін хабарлайды.

  • Кәмелетке толмағандар жасаған кез келген құқық бұзушылықтың алдын ала отырып, оларды ауыр қылмыс жасаудан сақтап қаламыз.
  • Егер сіз қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың куәгері болсаныз, шұғыл түрде учаскелік полиция инспекторына хабарлауыңызды немесе көрсетілген телефондарға қоңырау шалуынызды сұраймыз.
  • Балаларыңызға оларға қатысты қылмыс жасалмауы үшін төменде көрсетілген ережелерді сақтау қажеттігін ескертіңіз.
  • Зорлық-зомбылықтың болмауы үшін өзіңде ақшаның, ұялы және құнды заттардың бар екінін жариялама.
  • Ол жерге қалай баруға немесе өтуге болатынын көрсетіп жібер деген өтініштерге сол жерге дейін жеткізіп таста деген ұсыныстарға жауап берме. Ешқашан да жолдын жиегінде тоқтаған бөгде адамның көлігіне отыруға болмайды.
  • Жолды белгіленген орындардан және қауіпсіздікке көз жеткізгеннен кейін бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде ғана өт.


Алдын ала ескерте отырып, біз өз балаларымызды сақтандырамыз!

]]>
Құрметті оқушылар және олардың ата-аналары!

Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ ЖПКБ ЮПТ кәмелетке толмағандардыңістері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы 

полиция аға лейтенанты Жумаханова Зарина Бауыржанқызы

қызмет көрсететінін хабарлайды.

  • Кәмелетке толмағандар жасаған кез келген құқық бұзушылықтың алдын ала отырып, оларды ауыр қылмыс жасаудан сақтап қаламыз.
  • Егер сіз қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың куәгері болсаныз, шұғыл түрде учаскелік полиция инспекторына хабарлауыңызды немесе көрсетілген телефондарға қоңырау шалуынызды сұраймыз.
  • Балаларыңызға оларға қатысты қылмыс жасалмауы үшін төменде көрсетілген ережелерді сақтау қажеттігін ескертіңіз.
  • Зорлық-зомбылықтың болмауы үшін өзіңде ақшаның, ұялы және құнды заттардың бар екінін жариялама.
  • Ол жерге қалай баруға немесе өтуге болатынын көрсетіп жібер деген өтініштерге сол жерге дейін жеткізіп таста деген ұсыныстарға жауап берме. Ешқашан да жолдын жиегінде тоқтаған бөгде адамның көлігіне отыруға болмайды.
  • Жолды белгіленген орындардан және қауіпсіздікке көз жеткізгеннен кейін бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде ғана өт.


Алдын ала ескерте отырып, біз өз балаларымызды сақтандырамыз!

]]>
admin Thu, 02 Sep 2021 21:51:51 +0500