01
ақпан
2024
«Құрақ құрау»
Ата-аналарымыз өз бойындағы барлық ізгі қасиеттерін баласының бойына дарытып, жемісін көргенге не жетсін! Оқушылардың қолөнер саласындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында 7 сынып қыздары мен аналары қатысқан «Құрақ құрау» атты шара ұйымдастырылды. Қыздарымыз еліміздің тарихының көркемдік бейнесін, тәрбиесінің өнегесін осы құрақ құрау арқылы бойларына сіңіруде «Жасағым келеді, Жасай аламын. Жасаймын» деген мақсатта ынтымақтаса жұмыс жүргізді.