Ата-аналарды пелагогикалық қолдау орталығының кезекті дәрісі » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сәуір
2026

Ата-аналарды пелагогикалық қолдау орталығының кезекті дәрісі

Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті дәрісі.  10–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жеке шекара және қолдау: жасөспірімге қиындықтарды жеңуде қалай көмектесуге болады» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ата-аналар жасөспірімдердің жеке шекараларын құрметтеудің маңыздылығы, қолдау мен бақылаудың айырмашылығы, сенімді қарым-қатынас орнату жолдары туралы ақпарат алды. Практикалық тапсырмалар мен жағдаяттарды талдау арқылы қатысушылар баланы айыптамай тыңдау, эмоционалдық қолдау көрсету және отбасындағы ашық диалогтың маңыздылығын талқылады.

Кездесу ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, жасөспірімдердің эмоционалдық саулығы мен қауіпсіз ортасын қалыптастыруға бағытталды.