Материалы за Ақпан 2024 года » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Экология әлеміне саяхат»
16
ақпан
2024
«Экология әлеміне саяхат»
   Табиғат пен адам егіз. Мектеп парламентінің экология фракциясының ұйымдастыруымен ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК -мен бірлесе өткен «Экология әлеміне саяхат» шарасына 7Б сынып оқушылары қатысты. Оқушылар үш топқа бөлініп, логикалық сұрақтар, биология, география салалары бойынша сайысқа түсіп, білімдерін ортаға салды.
«Зайырлы мемлекет және дін саласындағы нормативті-құқықтық актілер»
15
ақпан
2024
«Зайырлы мемлекет және дін саласындағы нормативті-құқықтық актілер»
    «Зайырлы мемлекет және дін саласындағы нормативті-құқықтық актілер» (ШҚО ДІБ «ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманымен кездесу). ШҚО ДІБ «ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы Беккалиева Айжан Садыққызы 9 сыныптар арасында зайырлы мемлекет және дін саласындағы нормативті-құқықтық актілер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. ҚР ӘҚБК 490 бабы, ҚР ҚК 174 бабы, ҚР ҚК 256 бабтары бойынша 10-11 сынып оқушылар арасында эксмтремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша
Дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандарымен кездесу
15
ақпан
2024
Дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандарымен кездесу
    ШҚО ДІБ «ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мааны Беккалиева Айжан Садыққызы 9 сыныптар арасында зайырлы мемлекет және дін саласындағы нормативті-құқықтық актілер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. ҚР ӘҚБК 490 бабы,  ҚР ҚК 174 бабы,  ҚР ҚК 256 бабтары бойынша 10-11 сынып оқушылар арасында эксмтремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ҚР ҚК 174 бабы, ҚР ҚК 256 бабы бойынша түсінектемелер берілді.  Оқушыларға деструктивті діни
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
14
ақпан
2024
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
   Мектебімізде 1979-1989 жылдарда ел басына күн туған сын сағаттарда батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз, елін сүйген патриот, Ауған соғысының ардагерлері, интернациолист жауынгер ағаларымыз Сакаманов Қайрат Абитаевичпен, Тугельбаев Едил Сарыаркановичпен кездесу болып өтті. Ағалар өмір соқпақтарын еске түсіре отырып, естеліктер айтты. Қарулас достарын еске алып, толғаныстарын әнмен жеткізді. Бүгінгі бейбіт өмірдің ұзағынан сүйіндіргенін, жас ұрпаққа деген
«Ізгі ой»
12
ақпан
2024
«Ізгі ой»
Шығыс Қазақстан Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған “Ізгі ой” атты BIBLIOQUIZ өткізілді. Зияткерлік ойында қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары мен студенттерден құралған топтар өзара бақ сынасты. Жастардың ой-өрісін, білімін жетілдіруге бағытталған BIBLIOQUIZ I. Тез-тест, II. Бердібек белестері, III. Кино, IV. Музыка, V. 7 сұрақ, 1 жауап. деп аталатын 5 кезең бойынша өтті. Бір-бірінен өзгеше болып
«Мұқағали мұрасы мәңгілік!» (кітаптар таныстырылымы)
10
ақпан
2024
«Мұқағали мұрасы мәңгілік!» (кітаптар таныстырылымы)
   Қазақ поэзиясының Хантәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақын рухына тағзым етіп, еске алу мақсатында өткізілген жыр кешіне қатысқан 9-10 сынып оқушылары мен ұстаздар қауымына өмірін әдебиетімізге арнаған жыр дүлдүлінің өлеңдер жинағы топтастырылған кітаптар таныстырылымы насихатталды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
07
ақпан
2024
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде «7 ақпан - Халықаралық дауыстап оқу күні» атап өтілді. Дауыстап оқу-оқушылардың мәнерлі сөйлеу қабілеттерін дамытатын тиімді жаттығулардың бірі. Дауыстап оқу кезінде дауыс дикциясын жақсартумен қатар есту, есте сақтау қабілетіміз дамып, сөздік қорымыз да молая түседі. Сауаттылық деңгейіміз артып, өз көңіл-күйіміз бен әсерімізді жеткізе білеміз.
«Төтенше жағдай құтқарушылары мен өрт сөндірушілер» мұражайына саяхат
06
ақпан
2024
«Төтенше жағдай құтқарушылары мен өрт сөндірушілер» мұражайына саяхат
   8 сынып оқушылары “Төтенше жағдай құтқарушылары мен өрт сөндірушілер” мұражайына барып қайтты. Оқушылар Өскемен қаласындағы алғашқы өрт сөндіру мекемесінің ашылу тарихы туралы бейнебаянды көріп, мұражайдағы түрлі макеттер, киім үлгілерімен танысты. Оқушылардың өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылықтары артып, ерекше әсер алып қайтты.
Кітапханадағы жаңа кітаптармен таныстырылым
06
ақпан
2024
Кітапханадағы жаңа кітаптармен таныстырылым
   Өткен күн мен бүгінгі сәтті, жарқын болашақты жалғайтын алтын көпір жазушы әлемі жанымызға жарқын сәуле құятын шығармаларымен құнды. Өзінің қызықты ерекшелігімен баурап әкететін, кейіпкерлермен бірге болуды, шым-шытырық оқиғаларға куә ететін шығармаларды оқығанды ұнататын кітапқұмар оқырмандарды жаңа кітаптар күтеді.
Сейсмикалық жаттығу
02
ақпан
2024
Сейсмикалық жаттығу
2024 жылдың 02 ақпаны күні мектебімізде сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығу барысында қауіпсіздік шаралары сақталып, мектеп құрамы жаттығуға белсене қатысты.