«Ізгі ой» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ақпан
2024

«Ізгі ой»

Шығыс Қазақстан Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған “Ізгі ой” атты BIBLIOQUIZ өткізілді. Зияткерлік ойында қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары мен студенттерден құралған топтар өзара бақ сынасты. Жастардың ой-өрісін, білімін жетілдіруге бағытталған BIBLIOQUIZ
I. Тез-тест,
II. Бердібек белестері,
III. Кино,
IV. Музыка,
V. 7 сұрақ, 1 жауап.
деп аталатын 5 кезең бойынша өтті. Бір-бірінен өзгеше болып берілген әр кезеңнің сауалдарына жауап берген қатысушылар қоғам қайраткерінің атқарған қызметтері мен еңбек жолынан тың ақпараттар алды. Сайыстың нәтижесі бойынша мектебіміздің Парламенті мүшелерінен құрылған “Адай” тобы жүлделі 2-орынды иеленіп, кітапхана әкімшілігінің атынан сыйлықтарға ие болды.