Соңғы қоңырау мерекесі » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
мамыр
2021

Соңғы қоңырау мерекесі

     25 мамыр күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. Биылғы соңғы қоңырау мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
    Мектеп директоры Б.О.Садыков 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап, бүгінде үлкен өмірге аяқ басқалы отырған жас түлектерді шын жүректен құттықтап тілегін білдірді. Оқу ісінің орынбасары Б.Б.Дююсова  оқу жылын қортындылай келе, белсенді ата-аналарды, сонымен қатар «Жас Ұлан» ұйымының, «Адал ұрпақ» клубының белсенді мүшелерін құттықтап  марапаттады. 
     Өз кезегінде мереке қонағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің биология кафедрасының доценті – Игисина Жамал Тұрсынғожақызы жас түлектерді атаулы мерекелерімен құттықтады. Мектебіміздің түлектері сынып жетекшілері мен  сабақ берген ұстаздына алғыстарын білдірді.  Мереке соңында мектеп бітірушілер «Түлектер аллеясына»  шырша отырғызды.