Нормативтік құжатпен таныстыру » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
маусым
2018

Нормативтік құжатпен таныстыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау

Мерзімі: 26.05.2018
Өткізілген орны: Акт зал
Өткізді: Тәрбие ісінің орынбасары
Қатысушылар саны: 51 мұғалім

Тыңдалды:
Мектептің тәрбие ісінің орынбасары А.Б.Имангалиева 2017-2018 оқу жылында аталған тақырып бойынша мектепте өткізіліп отырған іс-шараларды атай келе, осы заң саласында педагогикалық ұжымға кезекті түсіндірме жұмыстарына тоқталды.
Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың бастамасы жастарды бала кезінен тәрбиелеу екені белгілі. Біздің мектебімізде де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, жұмыс түрлері жүргізілуде.
Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты өткізіп келеді. Сонымен қатар «Парасатты азамат» бұрышы, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыстары нәтижелі жұмыс ұйымдастырды. Келесі оқу жылында да жалғасын табатыны сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық саясатының міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
Осы орайда әрбір мұғалім білуі тиіс:
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібін;
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.
1424 Сall-орталығына қоңырау шалу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарламаларды қабылдайтынын білесіздер. Бүгінгі тақырыпты «Жемқорлықсыз қоғам - нұрлы болашақ кепілі» деп қорытындылаймын.