Нұр Отан мүшелерімен кездесу
2018 жылдың 2 ақпан күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауды таныстыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен, мектеп ұстаздарымен кездесу өтті.
Кездесу қонақтары «Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласының филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәжіліс депутаты, Өскемен қаласының құрметті азаматы Екибасова Майраш Шайзадиновна, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Қадыров, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық «Жас Отан» жастар қанатының филиал төрайымы, қалалық мәжіліс депутаты Бахыт Маржан және Өскемен қаласы жастар мәслихатының депутаты Нукештаева Алия болды.
Алғашқы болып сөз алған М.Ш.Екибасова жолдаудың 10 бағыттын түсіндіре отырып, «Адами капитал – жаңғыру негізі» 7 - ші бағытқа баса назар аударды. Білім беру ісінде озық жүйемізді құруды дәлелдету қажет туралы толығырақ толталып, біздің еліміз үшін алдымызға қойған ең негізгі мақсат - 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру екендігін баса көрсетті.
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Қадыров Берік өз сөзінде рухани жаңғыртуды – адам өзінен бастау керектігін атап, жастар үшін көптеген өнеркәсіптік даму жағдайындағы жаңа мүмкіндердің ашылғанын баса көрсетті.
«Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық «Жас Отан» жастар қанатының филиал төрайымы, қалалық мәжіліс депутаты Бахыт Маржан алдымыздағы наурыз айында «Жас Отан» партиясының 4 – ші съезі өтетіні жайлы, «Сәтті қадам», «Жастар - Отанға», партиялық жобалары туралы әңгімелеп берді.
Г.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен қаласы филиалының тәрбие жұмысы бойынша маманы, Өскемен қаласы жастар мәслихатының депутатыНукештаева Алия өзін ағылшын тілінде таныстырып, қазіргі таңда ЖОО негізгі сабақтар ағылшын тіліне көшіп жатқанын мәлімдеді.
Кездесу оқушылардың белсенді позицияларын қалыптастыруға бағытталып, өз Отанын мақтан тұтып,көшбасшы қасиеттерін қалыптастыруға өз әсерін берді.