Мерекелік іс - шаралдар » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
маусым
2017

Мерекелік іс - шаралдар

Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Жазушылар одағының мүшесі

Раисова Бақытжан Мұхтарханқызының

өлең жолдарынан:


Ұстаз, шәкірт мақсаттары бір еді,

Қосылады бір арнада тілегі.

Жақсы ұстаз - мектебімнің жүрегі,

Жүрек барда мектеп өмір сүреді.

Өнер – ғылым – өркениет тірегі

Албырайды сәбилердің гүл өңі

Алаш ұлы Ахметтің атында

Дүрс-дүрс соққан мектебімнің жүрегі

Алысқа әне созылып жол барады

Осы емес пе аруақтың қолдағаны

Көбейсінші қазақтың Ұлы елінде

Сен сияқты білімнің ордалары.

 

Ахмет Байтұрсынұлы - 145 жаста


Алда бол, білім-ғылым өнерде де, кітап болсын ең басты ақылдасың

Өрле білім ордасы төмендеме, өйткені Байтұрсынұлы атындасың!

 

Мерекелік шара: «Тәуелсіздік таңы атқанда, Туын тіккен мектебім!»


 

Мерекелік іс - шаралдар

 

Мерекелік іс - шаралдар

  

Мерекелік іс - шаралдар

 

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 20 жылдығына арналған  қала мектептерінің мұғалімдері арасында өтетін волейбол турнирі

 

Мерекелік іс - шаралдар

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

 

«25 жұлдызды күн» аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары

 

Өткізілетін іс-шара

Орны

Жауапты

21 қараша – «Қазақстан Республикасының Конституциясы»

1

Тәуелсіздік пен мемлекеттің тірегі ретінде Ата заңның тарихы мен маңызын кеңінен паш ету.

Спорт зал Салтанатты тізіліс

2 және 11 сынып жетекшілері

2

«Біздің күшіміз - келісім мен тұрақтылықта» сынып сағаттары. (5-8)

Сынып бөлмелері

5-8 сыныптар

22 қараша – «Мемлекеттік рәміздер»

3

«I LOVE KZ» (Қазақстан туымен селфи)

Мектеп фойесі

«Жас Ұлан» ұйымы

4

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру мақсатында өткізілетін «Көк байрағым» оқушыларға арналған сауалнама

Сынып бөлмелері

Жиенбекова Н.А

«Жас Ұлан» ұйымы

2-11 сыныптар

5

«Рәміздерім - мақтанышым» тәрбие сағаты

№14 каб

3А сыныбы

Назарбаева М.Қ.

23 қараша – «Мемлекеттік шекара»

 

6

«Жас Ұлан» ұйымының көшбасшыларының кездесуі

БШҰ

Жиенбекова Н.А

«Жас Ұлан» ұйымы

7

Қазақстандық патриотизмжәне азаматтық тәрбие бағытында ашық тәрбие сағаты

№15 каб

3Ә сыныбы

Қасенова А.Қ.

24 қараша - «Мелекеттік тіл»

 

8

«Тілге құрмет – елге құрмет» ашық тәрбие сағаты

№10 каб

3Б сыныбы

Манасбаева А.С.

9

«Феерия творчества» қалалық этнографиялық марафонға қатысу

БШҰ

Жиенбекова Н.А.

Сарбасова Т.В.

25 қараша – «Жаһандық бастамалар»

 

10

«Жаһандық бастамалар» ашық тәрбие сағаты

№12

3Э сыныбы

Акиева А.Б.

11

Болашақтың жаңашыл технологиясы қалалық фестиваліне қатысу

СЮТ

Информатика, еңбек пәні мұғалімдері

26 қараша – «Азаматтық қоғам»

12

«Мықты көшбасшы-табысты мемлекет» ашық тәрбие сағаты

№31

5Э сыныбы

Қуанышбекова Ф.Қ

 

 

27 қараша – «Бірегейлік және бірлік»

 

13

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі ата-аналарға арналған қоғамдық тыңдау

№34

4Ә сыныбы

Нұрсапарова Ә.З.

28 қараша – «Ұлттық валюта»

 

15

«Ұлттық тенге» интерактивті сабақ

№17

4Б сын. Қабдуғалиева А.С.

16

«Ұлттық теңге» көрме

Кітапхана

Наурузбаева М.Ч.

29 қараша – «Ядролық қарусыз әлем»

 

17

«Қазақстан ядролық қарусыз әлем үшін» сурет және буклеттер көрмесі

№10

4Э сынбы

Турканова Н.Т.

30 қараша – «Ғылым мен жаңа технологиялар»

 

18

«Менің Тұңғыш Президентім!» акциясы

Мектеп фойесі

5А сыныбы

1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Президенті" институты»

 

19

«Жұлдызша» хоккей маусымының ашылуы

Хоккей қорабшасы

Нурхабанова Г.Ө.

Ыдырысханова Ү.О.

2 желтоқсан – «Отбасылық құндылықтар»

 

20

«Бір шаңырақ астында» онлайн сабақ (қалалық)

№17 каб

3А сыныбы

Майқынова Н.А.

3 желтоқсан – «Ұлт саулығы»

 

21

«Денсаулық паспорты» портфолио қорғау

№26 мект.

6Г сын. Ежембаева А.А.

4 желтоқсан – «Спорт жетістіктері»

 

22

«Ұрпақ саулығы-ұлт саулығы» эстафета

Спорт зал

6М сыныбы

Жандыкенова Ж.М.

23

Черлидинг қалалық сайысына қатысу

№17 мектеп

Сарбасова Т.В.

Исанова Л.И.

5 желтоқсан – «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы»

 

24

«Еңбек Адамы» педагог ардагерлермен кездесу

Кітапхана

6Э сыныбы Қалым Н.

6 желтоқсан – « Мәдениет және руханият»

 

25

Өнер қайраткерлерімен кездесу

Акт залы

7М сын. Боранбаева Ж.К.

7 желтоқсан – «Нұрлы Жол»

 

26

«Нұрлы жол» инфроқұрылымды дамыту жолындағы жетістіктер

Мектеп фойесі

7Э сыныбы

Абзелеева К.А

8 желтоқсан – «Нұрлы Болашақ»

 

27

«Біз – тәуелсіз Қазақстанның келешегіміз!» жастар флешмобы

Мектеп фойесі

8Г сыныбы

Жиенбекова Н.А.

28

Патриоттар форумына оқушыларды ұйымдастыру

№11 гимназия

Крыкбаева У.К.

ОразгалиеваМ.М.

9 желтоқсан – «Білім»

 

29

««Мәңгілік ел: Бір ел – бір тағдыр» тәрбие сағаты

№17 каб

8М сыныбы

Хамитжанова А.Қ.

10 желтоқсан – «Әлеуметтік жаңғырту»

 

30

Оқушылар арасындағы әлеуметтік жобалар байқауы

БШҮ

8Э сыныбы

Көкебаева Ж.С.

11 желтоқсан – «ЭКСПО «жасыл» технологиялары»

 

31

«Эко стильдегі өмір» атты көрме

Мектеп фойесі

9Г сын. Серикбаева А.Т.

12 желтоқсан – «Индустрияландыру»

 

32

«Тәуелсіз елім - мақтанышым!» викторина

№17 каб

9К сын. Сапарғалиева Н.К.

33

Жас Ұлан ұйымының қатарына қабылдау

Спорт зал

Жиенбекова Н.А.

13 желтоқсан – « Қуатты Қазақстан - қуатты өңірлер»

 

34

« Шеберлік әлемі» көрме ұйымдастыру

Мектеп фойесі

9М сын. Исаханова А.Қ

14 желтоқсан – «Астана»

35

«I LOVE ASTANA » фотокөрмесі

Мектеп фойесі

9Э сын. Аманжолова А.А

15 желтоқсан – «Мәңгілік елдің» мәңгілік құндылықтары»

 

36

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт

Акт зал

Иманғалиева А.Б

3 және 9М, 9К сыныптар

 

«Мәңгілік елдің» мәңгілік құндылықтары» тарихи шолу

Мектеп фойесі

10Г сыныбы

Габитова Ж.Ш.

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

 

 

25 жұлдызды күнге атқарылған іс-шаралар көрмесі

Мектеп фойесі

10А сыныбы

Турсунбаева Г.С.

 

 

 

Өскемен қаласы әкімдігінің «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектебі» КММ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

«25 жұлдызды күн» аясында өткізілген іс-шаралар

 

 

21 қараша – «Қазақстан Республикасының Конституциясы»

22 қараша – «Мемлекеттік рәміздер»

23 қараша – «Мемлекеттік шекара»

21.11.16. - 22.11.16. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жоспарланған іс – шаралар 23.11 күні өткізілді.

23.11.16. «Мемлекеттік шекара». Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күннің ашылуы, салтанатты лездеме, сонымен қатар

«I LOVE KZ» (Қазақстан туымен сэлфи) және 2 сыныптарда, 3 «Ә» сыныбында Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие бағытында ашық тәрбие сағаттары өтікізілді. Сонымен қатар қалалық «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Ш. Екибасовамен кездесуге балалар шығармашылық үйіне 9-10 сыныптардан белсенді оқушылар ұйымдастырылды. Кездесу өте қызықты өтті.

Қатысушылар (саны, санаты): 3-11 сыныптар 596 оқушы 2 сыныптар және

3 «Ә» сыныбында130 оқушы, 9-10 сыныптардан 6 оқушы

Жауаптылар: Жиенбекова Н.А.,сынып жетекшілер

 

Мерекелік іс - шаралдар

24 қараша - «Мелекеттік тіл»

 

24 қараша күнінің тақырыбы «Мемлекеттік тіл». Осы тақырыпта қазақ тілі мұғалімі Көкебаева Ж.С. 8Э сыныбымен үзіліс уақытында

6-7 сыныптар аралығында викториналық сұрақтар ұйымдастырды.

Сонымен қатар 3 «Б» сынып оқушыларымен елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, тіл байлықтарын дамыту және өз ана тілін қастерлеу, басқа тілдерді құрметтеу мақсатында «Тілге құрмет –елге құрмет » атты тәрбие сағаты өткізілді.

Барлық оқушылар өз белсенділіктерін көрсетті. Әр бала сабаққа өте

Қатысушылар (саны, санаты):6-7 сыныптар 112 оқушы, 3Б сынып 18 оқушы

Жауаптылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көкебаева Ж.С., 3Б сынып жетекшісі Манасбаева А.С.

 

Мерекелік іс - шаралдар

  25 қараша – «Жаһандық бастамалар»

 

 

25 қараша Қазақстан Республикасының «Жаһандық бастамалар» күнінің іс-шаралары Қазақстанның бітімгершілік және жаһандық бастамаларын насихаттауға арналды. 3 «э» сыныбында тақырыптық ашық сабақ өткізілді. Оқушыларға Үштілділік туралы түсінік бере отырып, топпен әртүрлі жұмыстар жүргізілді. Барлық оқушылар белсене қатысты. Әр топ оқушылары үш тілде өлең оқып, ән айтты.

Сонымен қатар Балалар шығармашылық үйінде өткізілген қалалық «Феерия творчества» этнографиялық жәрмеңкесіне 8-10 сынып оқушылары мен ата-аналары белсене дайындалып орыс ұлтының дәстүрі мен ән-биінен көрініс қойды. Нәтижесінде 2 орын иеленді

Қатысушылар (саны, санаты):3Э сынып 24 оқушы, 6-10 сыныптардан 18 оқушы

Жауаптылар: 3Э сынып жетекшісі Акиева А.Б., Жиенбекова Н.А.,Сарбасова Т.В.

Мерекелік іс - шаралдар

  26 қараша – «Азаматтық қоғам»

 

 

26 қараша күні «25 «жұлдызды күн» аясында 9-11 сынып оқушылары Облыстық ақсақалдар кеңесінің жанынан құрылған «Атамұра» ансамбльімен кездесті.Сөз басын «Атамұра» ансамбльінің жетекшісі Ерболат Садуақасұлы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған құттықтауыменн бастады. Әдемі тілегінен кейін Атамұра азаматтарын таныстырып, мазмұнды және мағыналы концертін тарту етті. Патриоттық әндері оқушыларға елге адал еңбек ету, үлкенді құрметтеу, дінімізді, тілімізді сақтау үлгі өнеге болғаны сөзсіз

Қатысушылар (саны, санаты): 9-11 сыныптардан 120 оқушы

Жауаптылар: 9 сынып жетекшілері

 

Мерекелік іс - шаралдар

 27 қараша – «Бірегейлік және бірлік»

 

 

27 қараша күні «Мәңгілік ел -келешек ұрпақ тірегі» атты тәрбие сағаты 4Ә сынып оқушылары және ата-аналарымен бірлесе отырып өткізілді. Күннің іс-шаралары «Мәңгілік елдің»түйінді құндылықтарына – бейбітшілікке, келісімге, патриотизмге, бірлікке арналды.

Отанға деген ыстық сүйіспеншіліктерін өлең шумақтарымен, үш тілде тапсырма орындаумен, топ болып мәңгілік ел туралы шығарма жазып, сурет салып, қазіргі жетістіктерін және болашақта қандай болатынын постер арқылы қорғады.

Сабаққа барлық оқушылар және ата-аналар белсене қатысты.

Қатысушылар (саны, санаты): 4Ә сынып 24 оқушы

Жауаптылар: 4Ә сынып жетекшісі Нұрсапарова Ә.З.

Мерекелік іс - шаралдар

 28 қараша – «Ұлттық валюта»

 

28 қараша - Ұлттық валюта, яғни ұйымдастырылған іс-шаралар Қазақстанның басты атрибуты – ұлттық валюта теңгеге арналды.

2-4 сынып оқушыларын ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеп, оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы» атты интерактивті сабақтар өткізілді. Тақырыпты ашу мақсатында «Сұрақ бізден-жауап сіздерден» атты ойын-жаттығуы жүргізілді, теңге тарихы баяндалып, көрсетілді. Топ болып теңге туралы мақал-мәтелдер жалғасын тапты, қорытынды жасалып ұлттық теңгеміздің болашағы зор екендігі айтылып, рефлексия жасалды.

Қатысушылар (саны, санаты): 2-4 сынып 289 оқушы

Жауаптылар: 2-4 сынып жетекшілері

29 қараша – «Ядролық қарусыз әлем»

29 қараша күні оқушылардың Семей полигоны туралы білімін тереңдету, ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып ой-өрісін кеңейту мақсатында 4«э» сыныбында «Ядролық қарусыз әлем» атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар өз белсенділіктерін көрсетіп, әр бала сабаққа өте қызығушылықпен қатысты. Сабақта ядролық қару жайлы мәліметтер беріліп, Семей полигоны туралы бейнефильм көрсетіліп, өлеңдер оқылып, «Әрқашан күн сөнбесін!» әнімен қорытындыланды.

Қатысушылар (саны, санаты): 4Э сынып 24 оқушы

Жауаптылар: 4Э сынып жетекшісі Турканова Н.Т,2-4 сынып жетекшілері

30 қараша – «Ғылым мен жаңа технологиялар»

Тұңғыш Президент күні қарсаңында 2-11 сыныптар мен мұғалімдер қатысқан салтанатты тізіліс ұйымдастырылды. Салтанатты тізіліс мемлекеттік Гимнмен ашылып, оқу ісінің орынбасары Дююсова Б.Б. құттықтау сөз сөйлеп, 4-5 сынып оқушылары Елбасына арналған өлеңдер оқып, «Жаса Қазақстан» әнімен жалғасты.

Осы күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел мен Елбасы егіз ұғым» атты тәрбие сағатына 5 сынып оқушылары ұйымдастырылды. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев туралы видеоролик көрсетіліп, оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында оқушылар Президентіміздің шыққан кітаптары және арнайы Елбасына жазған кітаптар көрмесін тамашалады. Балалар шығармашылығы үйінде өткен РҚБ "Жас Ұлан" БЖҰ-ның қалалық комитетіне қабылдау салтанатына 3Ә сыныбынан оқу озаты Нұғман Толғанай және 8Г сыныбынан белсенді оқушы Аязбек Азамат, мектепішілік "Жас Ұлан" комитетінің оқушылары ұйымдастырылды. Салтанатты қабылдау балаларға өте ұнады.

Қатысушылар (саны, санаты): 2-11 сыныптар693 оқушы,5 сыныптар 85 оқушы

Жауаптылар: Иманғалиева А.Б.,Жиенбекова Н.А.,4,5,10 сынып жетекшілері

1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Президенті" институты»

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті күні мерекесінде мектеп алаңындағы мұз айдынының, қысқы спорт ойындарының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Қазақстан спортшыларының данқын көтеру, үлгі алуға тәрбиелеу, оқушыларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттеу мақсатында жүргізілген іс шараға 5-8 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысты. Мереке мемлекеттік Гимнмен ашылып, тәрбие ісінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, 5 сынып оқушылары Елбасына арналған өлеңдер оқып, «Чемпиондар» әнімен жалғасты. Мерекенің екінші бөлімінде

қушылар 2 командаға бөлініп, хоккей жарысы ұйымдастырылды.

Қатысушылар (саны, санаты): 5-8 сынып 95 оқушы

Жауаптылар: 5-8 сынып жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері

 

Мерекелік іс - шаралдар

 2 желтоқсан – «Отбасылық құндылықтар»

 

«Бір шаңырақ астында» онлайн сабақ (қалалық)

4«А» сыныбында өткізілген ашық сабаққа оқушылардың ата-аналары, ұстаздар, сонымен қатар Достық Үйінің этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Іс шараның мақсаты: оқушылардың бойында «Тәуелсіздік» ұғымын терең түсіну, өз елі үшін мақтаныш сезімін, бір-біріне толерантты қарым-қатынасын тәрбиелеу.

Бастауыш сыныпта өткізілген ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар еліміздің тарихы туралы, батырлары туралы мақтанышпен айтты, сондай-ақ ең бастысы бір-біріне толерантты қатынас, яғни Тәуелсіз елімізде бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан көп ұлттың татулығы, бірлігі, беріктігі туралы өз ойларын толық жеткізе алды.

Қатысушылар (саны, санаты): 4А сынып оқушылары және ата-аналары (32 адам)

Жауаптылар: 4А сынып жетекшісі Майқынова Н.А.

3 желтоқсан – «Ұлт саулығы»

3 желтоқсан күні мектебімізде «Дені сау ұрпақ-мемлекет байлығы» атты

6 сыныптар арасында «Көңілді эстафета» өткізілді. Ойын ережелерімен алдын – ала таныстырылған 6Г, 6М, 6Э сынып оқушыларының дайындықтары жақсы байқалды. Іс шараға үш сыныптан ата-аналар тарапынын әділқазылар құрылып, қорытындысы шығарылды. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Нәтижесінде 6Г- «Жігер» тобы I орын, 6М - «Арлан» тобы II орын, 6Э - «Намыс» тобы III орын иеленді.

Қатысушылар (саны, санаты): 6 сыныптар67 оқушы

Жауаптылар: 6 сынып жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері

4 желтоқсан – «Спорт жетістіктері»

 

№17 мектепте өткізілген қалалық Черлидинг сайысына 8-10 сыныптардан оқушылар командасы дайындалып, қатысты.

Қатысушылар (саны, санаты): 8-10 сынып 15 оқушы

Жауаптылар: Сарбасова Т.В.Исанова Л.И.

 Мерекелік іс - шаралдар

 5 желтоқсан – «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы»

6 желтоқсан – « Мәдениет және руханият»

Өнер қайраткерлерімен кездесу.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты осы күнге жоспарланған іс-шара 10 желтоқсани күні ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының қазақ труппасымен оқушылар кездесуіне театрдың белді актерлері Ниязбеков Қанат Оразханұлы, Бақтыбаева Гүлбақыт Шайқымұратқызы, Қопабаева Сайраш Бақтиярқызы, Дүзбаев Тұрсынбек Қабдешұлы, сонымен қатар мектебіміздің түлектері Серкетаев Жасұлан Құрманғазыұлы, Арыстанбеков Шалқар Арыстанбекұлы шақырылды. Әсіресе өнер жолын таңдап отырған оқушылар үшін өнер қайраткерлерімен кездесу өте қызықты өтті.

Қатысушылар (саны, санаты): 7-11 сынып130 оқушы,ұстаздар,ата-аналар

Жауаптылар: Иманғалиева А.Б.Боранбаева Ж.К

 7 желтоқсан – «Нұрлы Жол»

«Нұрлы жол» инфроқұрылымды дамыту жолындағы жетістіктер

Қатысушылар (саны, санаты): Мектеп фойесі,7Э сыныбы

Жауаптылар: Абзелеева К.А.

8 желтоқсан – «Нұрлы Болашақ»

«Біз – тәуелсіз Қазақстанның келешегіміз!» жастар флешмобы

Патриоттар форумына оқушыларды ұйымдастыру

Қатысушылар (саны, санаты): Мектеп фойесі,8Г сыныбы№11 гимназия,

Жауаптылар: Жиенбекова Н.А., Касенова М.Т.,ОразгалиеваМ.М

 

Мерекелік іс - шаралдар

 9 желтоқсан – «Білім»

 

Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр» ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушыларға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тарихқа шолу жасай отырып, топпен жұмыс жүргізілді.

Қатысушылар (саны, санаты): 8Э сыныбы19 оқушы

Жауаптылар: 8Э сынып жетекшісі Хамитжанова А.Қ.

 

10 желтоқсан – «Әлеуметтік жаңғырту»

Оқушылар арасындағы әлеуметтік жобалар байқауы

Қатысушылар (саны, санаты): БШҮ 8Э сыныбы

Жауаптылар: Көкебаева Ж.С.

11 желтоқсан – «ЭКСПО «жасыл» технологиялары»

«Эко стильдегі өмір» атты көрме

Қатысушылар (саны, санаты): Мектеп фойесі,9Г сынып.

Жауаптылар: Серикбаева А.Т

12 желтоқсан – «Индустрияландыру»

«Тәуелсіз елім - мақтанышым!» викторина

Қатысушылар (саны, санаты): №17 каб,9К сынып

Жауаптылар: Сапарғалиева Н.К.

13 желтоқсан – « Қуатты Қазақстан - қуатты өңірлер»

 

« Шеберлік әлемі» көрме ұйымдастыру

Қатысушылар (саны, санаты): Мектеп фойесі 9М сынып.

Жауаптылар: Исаханова А.Қ

 

14 желтоқсан – «Астана»

 

«I LOVE ASTANA » фотокөрмесі

Қатысушылар (саны, санаты): Мектеп фойесі,9Э сынып.

Жауаптылар: Аманжолова А.А

15 желтоқсан – «Мәңгілік елдің» мәңгілік құндылықтары»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт

Қатысушылар (саны, санаты): Акт зал,3 және 9М, 9К сыныптар

Жауаптылар: Иманғалиева А.Б, сынып жетекшілер

 

«Мәңгілік елдің» мәңгілік құндылықтары» тарихи шолу

Қатысушылар (саны, санаты): Мектеп фойесі 10Г сыныбы

Жауаптылар: Габитова Ж.Ш.

 

25 жұлдызды күнге атқарылған іс-шаралар көрмесі (Журнал шығару)

Қатысушылар (саны, санаты): 10А сыныбы

Жауапты:Турсунбаева Г.С

 

Мерекелік іс - шаралдар

 

 

Е: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік концертімізге

қош келдіңіздер!
Ж: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерін аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
А: Сондай-ақ биылғы жыл біз үшін ерекше жыл. Себебі, егемендігіміздің 25 жылдығы қарсаңында мектебіміз қазақ мектебі болып ашылғанына 20 жыл толғанын атап өтіп жатыр. Олай болса қос мереке құтты болсын!!!

1.ГИМН

2. 3 сынып композиция(тақпақ)

Е: Құттықтау сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Жайкенов Түсіпбек Өмірханұлынаберіледі.

3. Шырай баяндама, ән «Атамекен»

4. Ансамбль. Күй «Адай»

Е: 1917 жылы 13 желтоқсанда Алашорда үкіметі жарияланды. Үстіміздегі 2017 жылы Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл. Бостандықтың ақ таңы үшін жандарын құрбан еткен, болашақ ұрпақ жолына тәлімді мұра қалдырған алашордалықтардың ұлы істерін насихаттауымыз керек. Бұл біздің тарих алдындағы парызымыз және ата- баба рухына деген мәңгі тағзым болмақ.

5.Көрініс «Бес арыс»

Ж:«Рухы – өр,

Тәні – бекем ,

Бұл бір қайсар халық екен

Тірліктен де артық көрген бірлікті», – деп М. Шахановтың «Отырар» дастанында айтылғандай, қазақ халқы, қазақ ұрпағы – бірлік пен бейбітшілік туын биік көтерген халықпыз

Әрине Туған жер үшін күрес күрестердің ұлысы. Себебі бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан. Келесі тыңдалар ән 3 сынып оқушысы Жаннұрдың орындауындағы «Туған жер» әні. Қабыл алыңыздар.

 

6. Ән «Туған жер»

Ж: "Бейбітшілік”, "бейбіт өмір” деген сөздің мәні неде, бұл қандай ұғымдар? Қай халық қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егеменді , тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздікке қол жеткізіп, бейбіт аспан астында бақытты өмір сүріп, әнімізді асқақтатып, қуанышымызды бимен бейнелегенге не жетсін?!

 

7. Би «Көктем»

Ж:Мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған көптеген шаралар болып өтті. Соның бірі ата-анам

Похожие публикации:

23 қыркүйек 2019 Мектеп сайты
20 қыркүйек 2019 Мектеп ұжымы
23 қыркүйек 2019 Мектеп тарихы