«Елбасы жолы – ел тарихы!» атты конференция » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
23
ноябрь
2020

«Елбасы жолы – ел тарихы!» атты конференция

        23 ноябрь күні мектебімізде «Жас Ұлан» мектепішілік ұйымының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы жолы – ел тарихы!» атты конференция өткізілді.  
       «Елбасы жолы – ел тарихы!» атты конференцияның ашылуымен оқушыларды, ұстаздарды мектеп директоры Садыков Базарбек Омарғалиұлы құттықтады. Тәуелсіздік жолындағы Елбасының еңбегі туралы деректі фильм оқушылар назарларына ұсынылды. 
Конференция барысында жас ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі- өнеге ету мақсатында 7-10-сынып оқушылары «Елбасының балалық шағы», «Елбасының еңбек жолы», «Елбасының хоббиі», «Тәуелсіздік жолындағы жетістіктер» тақырыбында баяндамалар мен таныстырылымдар жасады.
       Конференция барысында  «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Махамбетов Ілияс Ұлт көшбасшысының ерен еңбегі туралы ой толғауын білдірді.  Конференция соңын тәрбие ісінің орынбасары қорытындылады.





Похожие публикации:

22 ноябрь 2018 Әкелер форумы