Мероприятие » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
1-сентябрь "Білім күні"
01
сентябрь
2024
1-сентябрь "Білім күні"
Алтын ұя мектептің сүйікті әуеніне айналған қоңырау үні сыңғырлап, тағы да білім шыңына жетелеуге шақырды. ШҚО білім басқармасы «Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ-де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті.  Биыл мектеп табалдырығын алғаш аттаған 130 бүлдіршінді ыстық ықыласпен қарсы алсақ, білім мен өнерде, спортта жетістіктерге жетіп, мектеп мақтанышына айналған 11 сынып оқушылары, болашақ
Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31
май
2024
Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
  Ұлт зиялыларының жаппай қуғынға ұшыраған, ел тарихындағы қасіретті кезеңді ұмыту мүмкін емес. 9-сынып оқушыларымен өткізілген тарихи сабақ жазықсыз жапа шеккен арыстарымызды еске алып, рухына тағзым етумен басталды. Оқушылар саяси қуғын-сүргіннің зардаптарын біліп, тарихтың көмескі беттеріне үңіліп, өткен тарихтан тағылым алды.
Туған жерім-тал бесігім.
30
май
2024
Туған жерім-тал бесігім.
8 “Б” сынып оқушылары мен ата-аналарының табиғат аясына саяхаты. Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ». Балалардың ақылшысы мен үлгі тұтар  азаматы әке мен адалдық, мейірімділіктің символына айналған ананың отбасындағы рөлін осынау бір ауыз сөзге сыйғызған қазақ халқы ежелден шаңырақ пен оның құндылықтарын биік бағалаған. Отан отбасынан басталатындығын айтып, ұрпағымызға дұрыс тәрбие берудің ұлт болашағы үшін де, мемлекеттің тұтастығы үшін де маңызы зор екендігін
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу
30
май
2024
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу
  Жазғы демалысты асыға күткен балалар демалыстың алғашқы күнін қала сыртындағы серуенмен өткізді. Оқу жылын табысты аяқтап, жақсы көңіл-күймен "Алтай Альпісі” демалыс орнына барып, әсем табиғатты тамашалаумен қатар, ән салып, би билеп, ойын ойнап, шат көңілмен оралды. 9”Г” сынып жетекшісі: Әбдрахманова Г.Б.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу
18
май
2024
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу де әрдайым басты назарда.  9 "А" сынып оқушылары сынып болып табиғат аясында демалып қайтты. Әртүрлі спорттық ойындар ойнап, атқа мініп, мәз-мейрам болды. Бүлдіршін кездеріндегі сүйікті ойындары "Ақ серек, Көк серекті" ойнап балалық шақтарына саяхаттап қайтқандай болды. Таза ауада татқан тағамның дәмі де ерекше. Бұл күн оқушылар есінде ұмытылмас әсер қалдырғаны сөзсіз. Сынып жетекші:Қайсарханова Е.Т.
«Менің бақытым – менің  Қазақстаным!»
04
май
2024
«Менің бақытым – менің Қазақстаным!»
  Батылдық пен табандылықтың, Отансүйгіштік пен Отанға қызмет көрсетудің белгісі болған 7 май – Отан қорғаушылар күні қарсаңында мектебіміздің 9 сынып оқушылары бүгінгі таңда Отан алдындағы қызметтерін абыроймен атқарып жүрген азаматтарымыз, Усть-Каменогорск қаласы Полиция басқармасы патрульді полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Какеев Нұржан, Усть-Каменогорск қаласы Полиция басқармасы тәрбие және кадр жұмысы бөлімі қызмет өткеруді ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы, полиция майоры
Қалалық "Жігіт сұлтаны-2024" байқауы
03
май
2024
Қалалық "Жігіт сұлтаны-2024" байқауы
     Болашақ ел қорғаны болар азамат ұлдарды ұлттық құндылықтарамызды ұлықтай отырып, батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткен қалалық «Жігіт сұлтаны-2024» байқауына қатысқан 10 сынып оқушысы Мошанов Әсет мектебіміздің абыройын асқақтатып, 2-орынға ие болды. Қазылар алқасы сайыс ережесінің 5 кезеңі бойынша әрбір үміткердің білімдерін, өнерлерін, қолөнер туындыларын, мергендіктерін бағалап сарапқа салды.
«Түлектердің ағаш егу» челленджі
03
май
2024
«Түлектердің ағаш егу» челленджі
   2024 жылдың 3 май күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 9 – сынып және 11 – сынып түлектері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдай отырып, «Түлектердің ағаш егу» челленджіне бір кісідей атсалысты.      Дәстүрге айналған игілікті іс - шара пайдалы жұмыс болуымен қатар оқушылардың туған өлкесін, мектеп ауласын көгалдандыруға және жақсартуға қосқан үлесі деп білеміз.      «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейтін еліміздің тәлімін үлгі етер ұрпақтың өнегесі болашаққа
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
25
сәуір
2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес  А.Байтұрсынов атындағы 20 орта мектебінде педагогикалық ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Адал ұрпақ - ұлт болашағы
24
сәуір
2024
Адал ұрпақ - ұлт болашағы
   Усть-Каменогорск қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №20 орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» іс-шаралары жоспарын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушыларының арасында «Адал ұрпақ-ұлт болашағы» атты эссе байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша 11-сынып оқушысы Қабылбекова Балнұр, 10-сынып оқушысы Күмісбек Жібектің, 9 – сынып оқушылары Нуржанова Аяулымның, Разханова Саяның, 8 – сынып оқушысы Фархатқызы Ляйляның эссе жұмыстары үздік болып табылды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 50 Вперед