МИФ ӘБ апталығының қорытындысы
30 ноябрь мен 4 декабрь аралығында мектебімізде МИФ ӘБ апталығы өтті. 30 ноябрьда сағат 08:00 апталықтың ашылуы WhatsApp-тағы ұстаздар тобына «Апталыққа шақыру» бейнеролигі және апталықтың жоспары жасалып, жіберілді. Апталықтың негізгі мақсаты оқушылардың математикалық, физикалық және ақпараттық даму деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту, өздігінен ойлауды, мақсатқа жетудегі табандылықты, ұжым алдында өз ісіне деген жауапкершілікті тәрбиелеу.
2 декабрьда сабақтан тыс 3 шара өтті. Олар: Физика пәнінен «Алғырлар алаңы» интеллектуалдық сайысын пән мұғалімі Смаилханова Айнұр Ержановна өткізді. Сайысқа 10 «Б» сынып оқушылары қатысты. Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп,топ басшыларын сайлады. Оқушылар сайыс барысында логикалық тапсырмалар орындап,теориялық сұрақтар шешіп, тақырыпқа байланысты есептер шығарып белсенділіктерін танытты.
«Математика –ақыл-ойды тәртіпке келтіреді» деп орыс ғалымы М.Ломоносов айтпақшы, жоғарғы сынып оқушылары да құр алақан еместігін көрсетті. 11 «А» сынып оқушыларының қатысуымен "Кім білгір" интеллектуалды сайысы өтті. Сайысты математика пәні мұғалімдері Бейғанова Б.Б. мен Сергеева А.С. ұйымдастырды. Сайысқа көрермен ретінде Габитова Ж.Ш., Батталова А.Т., Жаханова Т.А. қатысты. Сайыста 3 тур болды. 1-тур "Бәйге", 2-тур "Жұмбақ сандық", 3-тур "Көшбасшы". Оқушылар жоғары белсенділікпен қатысып, сұрақтарға жауап берді. Интелектуалдық ойында оқушыларға теориялық білімдерін шыңдауға, өмірде қолдануға, өз қателіктерін еркін мойындап, оны түзетуге талпынуға ұмтылдыратын сабақ болды. Соңында қорытынды жасалып, жеңімпаз топ анықталды.
Қазіргі таңда қоғамға тығырықтан шыға алатын,сыни тұрғысынан ойлап және шешім қабылдай алатын,алға қойған нақты мақсатына жете алатын,көзі ашық,көкірегі ояу жастарды тәрбиелеу мақсатында информатика пәнінен Габитова Ж.Ш және ШҚМУ 2-курс студенттері бірігіп «Лучший информатиктер» интеллектуалды сайысын 7 «Г» сынып оқушыларымен өткізді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Құпия жәшік?», «Ақиқат және жалған». Оқушылар берілген тапсырмаларды ерекше ынтамен орындап, қызығушылықтарын жасырмады.Сайыстың қорытындысы бойынша, «Internet» тобы 2-орынды, «Windows» тобы 1-орынды иеленді. Оқушылар марапатталды.
3-ші декабрьда да 3 шара өткізілді: Әзімхан Айсұлу Ерболатовнаның ұйымдастыруымен 6-шы (6 «А», 6 «Б», 6 «В», 6 «Г») сыныптар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысын өткізді. Қатысқан оқушылар туралы мәліметтер алдын ала алынған анкета арқылы таныстырылды. Әр сыныптан Сайысқа 20 оқушы қатысты. Интеллектуалды ойын төрт кезеңнен тұрды: 1 кезең «Бәйге», 2 кезең «Полиглот», 3 кезең «Ғажайып жетілік», 4 кезең «Жорға». Әр кезеңде ұпай аз жинаған оқушылар ойыннан шығарылып, өз сыныптасына жанкүйер болып отырды. Ал жоғары бал жинаған оқушылар келесі кезеңге өтіп сайысты жалғастырды. Соңғы кезеңде қалған 2 оқушының біреуі үздік шығып, жеңімпаз атанды. Ол оқушы – Манарбек Дулат, 6 «А» сынып оқушысы. Оқушылар өте жақсы көңіл күймен шықты. Жалпы ойын қызықты және тартысты өтті.
«Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Осыған орай яғни МИФ апталығының 5-ші күні 8-9 сыныптар арасында «Цифрлық сауаттылық-уақыт сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел зум платформасы арқылы өткізілді. Жауапты инфоматика мүғалімі Турсунбаева Гульмира Слямбаевна. Оқушылар қазіргі уақытта цифрлық сауаттылықтың өте қажет екендігін айтып бір-бірлерімен пікір алмасты. Себебі компьютерлік сауаттылығы, білімі мықты, цифрлық сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады деп ойларын ортаға салды. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу, цифрлық сауаттылығын шыңдаған оқушылар тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуда екеніне де көзіміз жетті.
«Жүзден жүйрік» интеллектуалдық сайысын 5-ші (5 «А», 5 «Б», 5 «В», 5 «Г» сынып оқушыларынан құралған төрт топ) сыныптар арасында математика пәні мұғалімдері Батталова Айым Тасқымбекқызы және Жаканова Толқын Ануарбековна ұйымдастыруларымен өтті. Сайыста «Абай» атындағы колледж студенттері және бірлестік пәән мұғалімдері Габитова Ж.Ш, Бейғанова Б.Б., Сергеева А.С. қатысты. Әділқазылар тағайындалды. Сайыс сапалы өтті. Себебі қатысушы оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындаған. Сайыс соңында әділ қазылар жеңімпаз команданы анықтап, құттықтау сөздерін сөйледі. Сайыс әділ өтті. 5а және 5в сыныптарының ұпай саны бірдей болды, 5б сыныбында оларға қарағанда аз болды. 5 г сыныбы сайысты жүргізу барысында керемет әсер алдым, әділ өтті
4 декабрьда сабақтан тыс 2 шара жоспарланған:
Физика пәні мұғалімі Серікбекова Кенжегүл Серікбекқызы денсаулығына байланысты сыныптан тыс шара өткізілмеді.
9 «А», 9 «Б», 9 «В» сынып оқушыларының арасында «Қызық екен» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойын мақсаты: оқушыларды әлемдегі соңғы ғылыми техникалық жаңалықтармен таныстыра отырып, қызықты сайыстар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру болды. Сайысты математика пәнінің мұғалімі Жәнәділова Әсел Алтайханқызы ұйымдастырды. Көрермен ретінде Сергеева А.С., Габитова Ж.Ш., Бейғанова Б.Б. қатысты. Сайыс 4 турдан тұрды. 1-тур «Ширату», 2-тур «Кім тапқыр», 3-тур «Ұшқыр ой», 4-тур «Ғалым болсам...». Оқушылар сайыстарға белсене қатысты. Әсіресе, 4-тур «Ғалым болсам...» сайысында өздерінің ұшқыр ойларын ортаға сала отырып, адамзат қоғамына аса қажетті тың құрылғы макеттерін ұсынды. Қорытынды жасалып, жеңімпаз топтар анықталды. Соңында оқушылардың барлығы сайыс жайлы жылы лебіздерін білдірдіріп кері байланыс жасалды.
Міне аталған «МИФ» апталығы өз мәресіне жетті. Жалпы қорыта айтқанда, апталық өз қойған мақсатына жетті. Пән мұғалімдері әр іс- шараға тыңғылықты дайындалған және де үлкен жауапкершілікпен өткізді. Апта бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене араласты және қатысты.








