«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
10
февраль
2021

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы

       2021 жылғы 10 февраль күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталды. Аталған жоба ел тұрғындарын ізгілікке, мейірімділікке үндеп, қайырымды істер жасауға шақырады. Осыған орай, барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарды, бизнес өкілдерін, волонтерлық қозғалыстарды жұмылдыру арқылы осындай қиын кезеңде елімізде игі істер жасап, қоғамды ізгілікке жұмылдыруды, барлық азаматтардың қатысуымен қайырымды істер жасауға бағытталған жұмыстарды күшейтуді сұраймыз. Жалпыұлттық жоба аясындағы шаралар республикалық және жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, қайырымды істердің ұйытқысы болған азаматтардың игі бастамалары қоғамда кеңінен насихатталуы қажет.