География пәнінен ашық сабақ
Мектебімізде өтіп жатқан «Экология ел амандығы» тақырыбында "Жаратылыстану-тарих пәндері апталығында" 23-февраль күні ZOOM платформасында 10 «Б» сынып оқушыларымен география пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың бірінші бөлігі брифинг әдісімен ұйымдастырылды. Брифингке тарих, филология жане халықаралык катынастар факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға окытушысы доцент
Қалимолдина Жаннета Амангелдинова шақырылды.
Маңызды мәселелердің бірі Халықаралық ланкестік, НАТО және Қазақстан туралы ақпараттармен бөлісті.
Оқушылардың брифингтен алғаны:
Халықаралық ланкестіктің геосаясатқа ықпалы;
Ланкестік әрекеттерге қарсы күрестің күшеюі;
НАТО мен Қазақстанның қарым-қатынастары.
Сабақтың негізгі бөлігінде оқушылар топтық жұмыс арқылы Азия елдерінің геосаяси жағдайына талдау жасап, ойларын ортаға салды. Жаңартылған бағдарлама мазмұнындағы құндылықтарға бағдарланған тәсіл жүзеге асты.
Тәжірибе аламсу мақсатында әріптестер қатысып, кері байланыс жасады. Сабақ әдістемелік тұрғыда жоғары деңгейде ұйымдастырлып өткізілді.


