«Даналық бейсенбі» жобасы бойынша кездесу » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
14
сәуір
2021

«Даналық бейсенбі» жобасы бойынша кездесу

  14 сәуір күні мектебімізде  9-10 – сынып оқушыларымен «Даналық бейсенбі» жобасы бойынша кездесу ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында оқушылармен мектебіміздің түлегі, ҚР журналистер одағының мүшесі, жастар арасындағы танымал ақын Жеңісұлы Оразай онлайн кездесуге қатысты. Оразай жалпы қазіргі уақытта білімнің қаншалықты маңызды екенін, сонымен қатар болашақ мамандық таңдау кезіндегі маңызды түйіндерді айта кетті. Оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің мектеп кезіндегі басынан өткен қызықты оқиғалары жайлы да айтып өтті.
      Қызықты әңгімені "Тәуелсіз Қазақстанның дамуына мен қандай үлес қосып жатырмын?" деген сауал төңірегінде өз пікірін білдіре отырып жалғастырды. Ақын өз кезегінде сұрақтарға жауап бере отырып, мектеп оқушыларын келе жатқан Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.