Соңғы қоңырау мерекесі » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
25
май
2021

Соңғы қоңырау мерекесі

     25 май күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. Биылғы соңғы қоңырау мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
    Мектеп директоры Б.О.Садыков 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап, бүгінде үлкен өмірге аяқ басқалы отырған жас түлектерді шын жүректен құттықтап тілегін білдірді. Оқу ісінің орынбасары Б.Б.Дююсова  оқу жылын қортындылай келе, белсенді ата-аналарды, сонымен қатар «Жас Ұлан» ұйымының, «Адал ұрпақ» клубының белсенді мүшелерін құттықтап  марапаттады. 
     Өз кезегінде мереке қонағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің биология кафедрасының доценті – Игисина Жамал Тұрсынғожақызы жас түлектерді атаулы мерекелерімен құттықтады. Мектебіміздің түлектері сынып жетекшілері мен  сабақ берген ұстаздына алғыстарын білдірді.  Мереке соңында мектеп бітірушілер «Түлектер аллеясына»  шырша отырғызды.