патриоттық ән
Біз-Мәңгілік ел ұланымыз!»мектепішілік патриоттық әндер байқауы
Жас жеткіншектің бойына ұлттық рухты дамытуда, оқушылардың отансүйгіштік, патриоттық сезімін арттыруда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін патриоттық әндер байқауы декабрь айының 6-7 күндері Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 мектебінде ұйымдастырылды. Сайыстың ережесі бойынша әрбір сынып:
- елдігіміздің белгісі ұлттық рәміздерімізге деген құрметімізді арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін шарықтата шырқады.
- білім ордасының бойтұмарына айналған мектептің әнұранын да нақышына келтіре орындады.
- таңдалған партиоттық әндерін орындауда сыныптың шығармашылықтары сынға түсті.
Сайысқа 2-10 сыныптар арасында 694 оқушы ұйымдастырылды. Оқушылар өнерінмузыка пәні оқытушысы, біздің мектебіміздің әнұранының музыкасын жазған Ахметжанова Альмира Құмарқанқызы, Усть-Каменогорск қаласы әкімдігінің «Жұлдыз» өнер мектебінің музыка пәні оқытушысы Ожаев Төлеген Мұхаметжанович, Усть-Каменогорск қаласы ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің жоғары дәрежелі мұғалімі Самтырова Камшат Жапарғалиқызы, мектепішілік ата – аналар кеңесінің төрайымы Салимханова Асия Аблаевна, мектепішілік «Жас Ұлан» комитетінің мүшесі Арқынқызы Айым бағалады.
Егемен еліміздің жарқын болашағына сенімді арттырған, тарихымызбен тамырлас болып бастау алып жатқан патриоттық әндер қатарының көбейіп келе жатқандығы көңіл қуантады. Сыныптардың таңдап алған әндері қатарының әртүрлілігі олардың ән қоржындарын толықтыра түскендігі даусыз. Тыңдаған жанның құлақ құрышын қандыра отырып, жан дүниеңді шымырлатар, рухани азығымыз болған мәңгілік өлмес мұра осынау әндерді оқушылар да зор ықыласпен орындап шықты.
Оқушылар әннің орындалуымен қатар сахна мәдениетін де жақсы меңгергендіктерін аңғартты.
Жеңімпаздарды жас ерекшеліктері санатында анықтау шешіміне жүлделі орындар тағайындалды.