БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ-ОТЧЕТ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі»
управления образования Восточно-Казахстанской области
Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар
ЕСЕБІ
2021 – 2022 оқу жылы
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жасақталған мектептің тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі - құқықтық тәрбие.
«Бала құқығы-адам құқығы» Республикалық айлықтың негізінде мектебімізде «Бала құқығы – адам құқығы» Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған айлық жоспарына сәйкес 20 октябрь мен 20 ноябрь аралығында іс-шара өтті.
«Бала құқығы – адам құқығы» айлығының жоспары әзірленіп, мектептің сайтына айлықтың жоспары жарияланды. http://20-oskemen.mektebi.kz/2021/10/20/
Мектептің фаесына «Бала құқығы – адам құқығы» Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған ақпараттық стенджасалды. Мектеп кітапханасында «Заң және сен» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Құқықтық сана - құқықтық пана» жобасының жетекшісі Ж.Ш. Габитова 5-11сынып оқушылары арасында «Сіз өз құқығыңызды білесіз бе?» тақырыбында оқушыларға арналған сауалнама арнайы сілтеме арқылы алынды. https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScCfZjTmBXgYIaAqXEgTe4bHx-J0MnRrl6yjsRMaoWg5d1L_A/viewform
Мектеп алды даярлық сынып оқушылар мен 6 сынып оқушылар арасында «Бақытты бала – бақытты отбасы» тақырыбында коллаж презентациялық көрме жасалып, инстаграм парақшаларында жарияланды.
Мектептегі «Инабат» қыздар клубының жетекшісі А.А. Аманжолова мен А.Е. Абылкасымова «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігі» қыздар жиналысын өткізді. Жиналысқа учаскелік инспектор, мектеп дәрігері шақырылып, кездесу ұйымдастырылды.
5-8 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда отбасының рөлі» тақырыбында онлайн форматта мектепішілік жиналыс өтті.
Мектептегі «Жігер» ұлдар кеңесінңң жетекшісі Шакабаев Ришад Досымбекович, көмекшісі Е.С.Қабділшәріп «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігі» тақырыбында учаскелік инспектормен кездесу ұйымдастырды.
10 -11 сыныптыңсснып жетекшілері «Қылмыстың құрбаны болмау жолдары» тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп сабаққа учаскелік инспекторды кездесуге шақырды.
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектепте «Алдын алу кеңесінің» жиналысы өтті.
«Жасөспірім, сұрақ және жауап» тақырыбында мектеп -психологтары жас сынып жетекшілермен тренинг өткізді. Тренингте психологтар сыныптағы қауіпті топ оқушылармен қарым-қатынасты орнату әдістерін үйретті.
1 -4 сынып оқушыларымен «Менің құқықтарым» тақырыбында, 5 сынып оқушыларымен «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында, 6-7 сынып оқушылармен «Бүкіл әлем мен үшін» тақырыбында, 8-9 сынып оқушыларымен «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында, 10-11 сынып оқушыларымен«Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілетін балалық шақ» тақырыбында сынып сағатты өтті.
2021 жылдың 20 октябрь мен 20 ноябрь аралығындағы «Бала құқығы-адам құқығы» Республикалық айлығы жоспарға сай өткізіліп, материалдары жинақталды.
«Бала құқығы – адам құқығы» Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған жүргізілген іс-шаралар БАҚ беттеріне жарияланды.














