Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының есебі
"Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» "А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі" КММ
«Ахмет Байтұрсынұлы-Тәуелсіздік жаршысы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ЕСЕБІ
Мектебімізде «Ахмет Байтұрсынұлы-Тәуелсіздік жаршысы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы 15-20 ноябрь аралығында өтті. Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, 15 ноябрь күні бейне-таныстырылыммен апталықтың ашылуы, сондай-ақ 7-«А» сыныбында қазақ тілінен «Бай баласы мен жарлы баласы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді,пән мұғалімі-Ниязбек Г.Н.
Апталық аясында педагогикалық тимбилдинг 6-сыныптар үшін «Қос сөздердің құпиясы» тақырыбында интеллектуалдық ойын сабағы түрінде ZOOM платформасында өткізілді. Мақсаты С.Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары және студенттері қоғамдастық шараларын нығайту,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Апталық шеңберінде 9-11 сынып оқушылары «Ахмет аңсаған азаттық таңы» атты эссе жазды. Мақсаты оқушыларға Ахмет іздеген Тәуелсіздік, Ахмет сезінген бостандық оның шығармаларына өлмейтін, мәңгілік сипат бергенін таныту.
Қарашаның 18 күні пән мұғалімі М.Т.Касенова 5-«А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен Д.Бабатайұлы "О, Ақтан жас, Ақтан жас" өлеңі тақырыбында ашық сабақ берді. Бұл күні пән мұғалімдері Н.Г.Ниязбек, Г.Сейітбекова ұстаздармен «Ахмет сезінген бостандық-бүгінгі Тәуелсіздік» атты Kahoot ойынын өткізді. Қарашаның 19 күні пән мұғалімі Ж.С.Кокебаева 6-«А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен А.Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі тақырыбында ашық сабақ берді. Апталықтың қорытынды шарасы Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Бұл шараны пән мұғалімдері М.Т.Касенова, Ж.С.Кокебаева, Г.Н.Ниязбек ұйымдастырды. 7-8 сыныптар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы-Тәуелсіздік жаршысы» атты "Ахметтану білгірлері" брейн-ринг интеллектуалдық ойынын өткізді. А.Байтұрсыновтың шетсіз-шексіз бай мұрасынан дайындалған оқушылар ойынның әсерлі де, қызықты өтуіне ат салысты.Ойын қорытындысында 8-«В» сыныбының «Сұңқар» тобы жеңімпаз атанып,қалған топтар белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Апталыққа 5-11 сынып оқушылары, тіл пәндерінің мұғалімдері, сынып жетекшілері белсенді қатысты. Бейне -роликтер апта көлемінде оқушыларға көрсетіліп тұрды. Қорыта айтқанда,күн сайын қызықты танымдық іс-шаралар өткізіліп,оқушылар бойына «Ахмет Байтұрсынұлы-Тәуелсіздік жаршысы» екенін сіңіре алдық деп ойлаймыз. Апталықта жоспарланған іс-шаралардың бәрі өз уақытында, өз деңгейінде өтті.
Бірлестік жетекшісі: М.Т.Касенова












