"1 декабрь - Дүниежүзілік ЖИТС(СПИД)-ке қарсы күрес күні" » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
19
ноябрь
2021

"1 декабрь - Дүниежүзілік ЖИТС(СПИД)-ке қарсы күрес күні"

     Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» управления образования Восточно-Казахстанской области нде  10 "А", "Б" сынып оқушыларымен «Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің маманы Мухтарова Жанар Аскаркызы "АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу" тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара кезінде бейнефильм көрсетіліп, талданды. Оқушылар АИТВ-нің таралау жолдарын талқылап, өз ойларын жеткізді.





     21 ғасырда АИТВ-инфекциясы нағыз обаға, шапқыншылыққа айналды, онымен күресу өте қиын. Бұл ауру тек ересектерге ғана емес, сонымен қатар жас балаларға, жүкті әйелдерге, жастарға және қарт адамдарға да жұғады. АИТВ – инфекциясының алдында барлық адамдар тең және бұл ауруды әрқайсымыз жұқтыра аламыз. Сондықтан да АИТВ-ның, ЖИТС-тың алдын алу тақырыбы бүгінгі күні отбасыларда да, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде де айтулы тиіс, ең өзекті тақырып болып табылады.
     19.11.2021 жылы "Шығыс" профилактикалық медицина орталығының мамандары Усть-Каменогорск қ. А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектептің 8 сынып оқушылары арасында "Денсаулық-бақытты болашақтың кепілі!"(АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша) атты сурет байқауын өткізді, онда 8-сынып оқушылары түрлі-түсті, қызықты суреттер салды, ақ қағаз парағында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша өз білімдерін көрсетті, есірткі заттарын қолданудың салдары қандай, егер адам АИТВ/ЖИТС-пен ауырса (теріс немесе түсіністікпен қараса) қоғамда қандай қарым-қатынас болуы мүмкін және олар салауатты өмір салтын таңдайтынын көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі қатысушыларды марапаттады: бірінші орынды 8 "Г" сынып оқушысы Нурланқызы Мадина, екінші орынды 8 "А" сынып оқушысы Сағидоллақызы Камилла иеленді. Қалған конкурс қатысушыларға "белсенді қатысқаны үшін" белгісі бар мадақтама қағазы табыс етілді.