03
декабрь
2021
Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңында мектебімізде оқушыларды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі болып өтті.
«Жас Ұлан» ұйымының мақсаты — оқушылардың әлеуметтік, қоғамдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың патриоттық рухын ояту.
Мерекелік рәсімге «Оқушылар шығармашылық сарайының» әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Сапаева Айнұр Нұрланқызы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Қалалық деңгейде белсенділік танытып жүрген оқушыларымызды алғыс хатпен марапаттады.
