16
июнь
2022
Түлек-2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі
16 июнь күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №20 орта мектепті бітіруші түлектерге арналған «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Усть-Каменогорск қаласының әкімі - Омар Хорошийлық Мұқашұлы арнайы келіп қатысып, ыстық лебізін білдіріп, мектеп бітіруші түлектерге жалпы білім беру туралы аттестат табыстады. Ахмет Байтұрсынұлының «Ғылым мен өнер елсізді – елдіге, жоқты – барға теңгереді», - дегеніндей бүгінгі түлектеріміздің де болашақта жастар қоғамының бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарып, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтар болатынына сенімдеміз.






