14
октябрь
2022
Шығармашылық сағаты
14 октябрь күні мектебіміздің 7А, 7Б сынып оқушылары ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасына талантты суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының қазақ этнографиялық бөлімінің ғылыми қызметкері Бекбердинова Гүлнар Миғражқызымен кездесуге барды.
Сурет салу өнерінің қыр-сырын меңгерген қылқалам шебері кездесу барысында өнердің қалай туындайтынын, оның қаншалықты тартымды, мазмұнды болатынын іс жүзінде көрсетіп, музей раритеттерінен құралған «Қымыз натюрмортын» салып, шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ, суретші өзінің картиналары, шығармашылық идеялары мен табыстары туралы әңгімелеп берді.
Барлық қатысушылар позитивті энергиямен, сұлулық әлемінің ғажайыбымен сусындап, жақсы көңіл-күймен қайтты.