21
ноябрь
2022
"Бастауышым бастамам-білім жолын бастаған!" атты апталықтың ашылуы
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» "Ахмет Байтұрсынов атындағы N0 орта мектебі" КММ-де "Бастауышым бастамам-білім жолын бастаған!" атты апталықтың ашылу салтанаты 21-ноябрь күні сағат 12:30-да өткізілді. Ашылу салтанатын 4-сынып мұғалімдері Шынар Айтмұқашқызы, Камаш Советовна, Назгуль Маратовна ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасы кітапханашыларымен бірлесе өткізді. Ұйымдастырылған шараға 4-сынып оқушылары белсенділікпен қатысты. Оқушылар түрлі аралдарға саяхат жасай отырып, қызықты тапсырмаларды қызығушылықпен дұрыс орындай алды. Сонымен қатар бастауыш мектеп туралы өлең жолдарын оқып, би билеп, өз өнерлерін де көрсетті.
Апталықтың ашылу салтанаты мәнді де мағыналы түрде өтті.



