05
июнь
2023
Мектеп жанындағы "КҮНШУАҚ" жазғы демалыс лагері
Бүгін мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. Балалардың мектепке келген сәтінен бастап оларды көңілді қарсы алып, саябақ ішінде әр түрлі ойындар ойнап, бүгінгі күндерін есте қалатындай өте қызықты өткізді. Жазғы сауықтыру лагерінде әр баланың қауіпсіздігіне және әр күндерін тиімді, көңілді өткізуге жоспар құрылып , шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған.






