05
сентябрь
2023
"Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі"
5-сентябрь – Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектебімізде «Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі» атты мұражай сабақтары өткізілді. Алаштың рухани көсемі А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын мұражай сабақтарына №11, 37 мектеп оқушылары да қатысты. Оушыларға А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығының басты белестері туралы қысқаша экскурсия ұйымдастырылып мұражай экспонаттарымен таныстырылды. Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кездесуден естелік ретінде фотосуреттерге түсті.




