«Ұлттық спортты ұлықтау – тарихымызды ұмытпау» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
26
октябрь
2023

«Ұлттық спортты ұлықтау – тарихымызды ұмытпау»

    Халқымыздың ерекшелгін айшықтайтын ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрі, өнері мен ұлттық ойындары қатарында садақ ату өнерінің орны ерекше.
    Бүгін 9-10 - сынып оқушылары қаламыздағы «Супер садақ» орталығының жетекшісі, көптеген садақ ату турнирларының бас демеушісі, сайыстардың төрешісі, Сағыр ауданы бойынша өткен 25 метрлік қашықтықтағы турнирдің 1 орын жеңімпазы, жеке жаттықтырушы Бибати Тұрымтайқызымен кездесті.
     Бибати Тұрымтайқызы садақ ату өнерінің қыр-сырымен, ерекшелігімен, садақ құрылысымен, түрлерімен таныстыра келе осы өнердің өлкемізде даму деңгейі жайлы да айтып өтті.
Біздің бүгінгі таңдағы мақсатымыз – ұлттық спорт мәдениетін қалыптастыру, жетілдіру. Балаларымызға атқа міну, садақ, жамбы ату, көкпар, аударыспақ сынды ұлттық спорт ойындарын дәріптеп, үйретсек, ұлттық спорттың болашағына сеніммен қадам жасай аламыз.