"Мәңгілік тағзым" тақырыбында декабрь оқиғасының куәгерлерімен кездесу » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
» » "Мәңгілік тағзым" тақырыбында декабрь оқиғасының куәгерлерімен кездесу
13
декабрь
2023

"Мәңгілік тағзым" тақырыбында декабрь оқиғасының куәгерлерімен кездесу

  13.12.2023 жылы метебіміздің 10 сынып оқушыларының қатысуымен  «Мәңгілік тағзым» тақырыбында декабрь оқиғасының куәгерлерімен кездесу өтті. Осыдан 37 жыл бұрын қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, дүниені дүр сілкіндірген декабрь оқиғасының куәгерлері  Рысбекова Гүлмира Қалибекқызы, Димеуова Анаргүл Зияшқызы кездесуіміздің қонақтары болды. Кездесуде Тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы және ел тәуелсіздігін алуға деген бетбұрыстың жасалуына тигізген ықпалы жайында сөз болды. Сондықтан да Желтоқсан оқиғасы Қазақстанның Тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы, тәуелсіздіктің бастауы ретінде бағаланады. Бүгінгі кездесудің мақсаты сол кезеңдегі елге деген патриоттық рухы биік болған жастарды бүгінгі өскелең ұрпаққа таныстыру, насихаттау бағытында ұйымдастырылды.