Ата-аналармен ашық шара » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
30
январь
2024

Ата-аналармен ашық шара

    «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады?» (ата-аналармен ашық шара). Мектебімізде 30-январь күні ата-аналарды педагогикалық қолдауға арналған 7 сыныптың ата-аналарымен ашық шара өткізілді. Тақырыбы: «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады». Мақсаты: Ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту.
   Жиналыс “Баспалдақтар алаңы” әдісі арқылы басталып, “Таныс болайық” тренингі арқылы жалғасын тапты. Сонымен қатар ата-аналарды жас дағдарыстарымен таныстыру мақсатында “Таратпа конверттер” таратылды. “Дағдарыстың барлық кезеңдерінде жасөспіріммен байланыста болудың маңыздылығы” жайлы бейнежазба көрсетіліп, ана-аналар өз ойларымен бөлісті. Ата-аналардың қатысуымен сахналық қойылымдар қойылды, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында жас ерекшеліктеріне сәйкес баланың мінез-құлқына қойылатын міндеттер мен күтілетін нәтижелерді анықтау мақсатында, “Т” кестесі арқылы топтық жұмыстар жүргізілді. Шара соңында “Сыйластық көгершіні” рефлексиясы арқылы ата-аналар өз балаларына ізгі тілектерін білдірді.