«Менің бақытым – менің Қазақстаным!» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
04
май
2024

«Менің бақытым – менің Қазақстаным!»

   Батылдық пен табандылықтың, Отансүйгіштік пен Отанға қызмет көрсетудің белгісі болған 7 май – Отан қорғаушылар күні қарсаңында мектебіміздің 9 сынып оқушылары бүгінгі таңда Отан алдындағы қызметтерін абыроймен атқарып жүрген азаматтарымыз, Усть-Каменогорск қаласы Полиция басқармасы патрульді полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Какеев Нұржан, Усть-Каменогорск қаласы Полиция басқармасы тәрбие және кадр жұмысы бөлімі қызмет өткеруді ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ернар Муратказыұлы және полиция лейтенанты Мукушев Ақжол ағаларымен кездесті.
   Шара барысында 2011 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында орын алған лаңкестік оқиға кезінде отандастарымызды қорғап өз өмірін қиған ержүрек батыр, «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігі жайында бейнеүзік көрсетіліп, еске алды. 
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген Нұржан Какиев қызмет кезінде батылдығымен, нақты айтсақ өз басын қатерге тіге отырып, ауыр жарақат алса да, қылмыскерді қолға түсірудегі адал еңбегі үшін Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың қолынан ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталғаны туралы біліп, батырдың әңгімесін тыңдады.  
    Сонымен қатар Ернар Мұратқазыұлы әскери академияларда жоғары білім алудың жолдарымен таныстырып өтті. 
Құрметті қонақтарымыз әскери қызмет әрдайым қасиетті борыш, әрбір азаматтың құрметі, батылдық пен қайырымдылық мектебі екендігін тілге тиек ете отырып, бақытты болашаққа деген сенімділіктерін білдірді.