Ағылшын апталығы
19.11.2018-24.11.218 аралығында «Why do you learn English» тақырыбында ағылшын тілі апталығы өткізілді.Апталықтың мақсаты:Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін тексеру;Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, өздігінен іздене білуге үйрету, өз ана тілі мен қатар ағылшын тілін құрметтеуге тәрбиелеу.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту; Үзіліс уақыттарында бірінші ауысымда 9-11 сыныптар арасында, ал екінші ауысымда 6-8 сыныптар арасында ойындар ұйымдастырылып, ағылшын тілі мұғалімдері өткізді.
Апталық жоспарына сәйкес барлық ашық сабақтар ретімен өткізілді. 22.11.2018 жылы «Полиглот» сайысы 3 сыныптар аралығында ұйымдастырылды. Осы сайысқа жауапты болған Мухаметкалиева Д. М және Қуанышбекова Ф.Қ. Пән мұғалімдері сыныптан тыс іс-шараға оқушыларды дайындаған, балалар осы сайысқа қызығушылықпен қатысты. Оқушылар әр жауапты қазақша, орысша, ағылшынша жауап беруге тырысты. Сайыс соңында 3 сыныптың оқушысы ән салып, сайыс жеңімпаздарына орын беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталынды.
23.11.2018 жылы Оразғалиева М. М «Let`s speak English» тақырыбында 5-10 сыныптар аралығында ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін дамытуға арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар берілді, презентация айналасында тақырыптарын қорғады. Осы сайысты көруге №29 орта мектептен ағылшын тілі мұғалімдері қонаққа келді. Қонақтар осы сайыс туралы өз ойларын айтып кетті. Преподаватели өз мақсатына жетті деп ойлаймын.