"Адал ұрақ" клубы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
26
декабрь
2018

"Адал ұрақ" клубы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп әзірлеген «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы» бүгінде мектебімізде қарқынды іске асырылып келеді.  Бағдарлама жоспарына сәйкес, 9 «А» сыныбының белсенділері және Мәдина Мұратқызының басшылығымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы биыл да өз жалғасын тауып, оқушылардың бойында өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар мектебімізде ұйымдастырылуды. «Адал ұрпақ» мектепішілік клубының жоспарына сәйкес 12-17 октябрь аралығында 2-сынып оқушылары «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында қиялдарын ұштап, сурет салса, 3–4 -сынып оқушыларының арасында «Ар тазалығы – адамгершілік кепілі» атты брейн ринг сайысы өтті. Брейн рингтің бірінші кезеңінде оқушылар «Бала құқығын қорғау туралы» Заңын, мектептің ішкі тәртіп ережесін білу деңгейлерін көрсетсе, екінші кезеңде адалдық, адамгершілік, адал еңбек жайлы мақал-мәтелдер айтып жарысты, ал үшінші кезеңде берілген суретке байланысты өз ойларын жеткізді. Бұл сайысқа оқушылар үлкен дайындықпен келіп, қызығушылықпен қатысқаны байқалды. Сайыс соңында көрермен  ата-аналар адалдық сынды асыл қасиетті, жемқорлыққа қарсы мәдениетті бастауыш сыныптан қалыптастыратын осындай шаралардың өткенін құптап, жоғары өнегелі, адал  азаматты және патриотты қалыптастырып, дамытуға бағытталған бұл шара өз мақсатына жеткендігін айтты.