ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.
Елбасы тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы ретінде санауымызға болады. Себебі, Елбасы бұл екі мақаласында да қазақ халқының рухани бай халық болғандығы, тарихы терең, құнды мұралар мен жер қойнауы байлықтарына көмкерілген халық екендігін жастардың, яғни, келешек ұрпақтың санасына сіңіріп жатыр. Осы бір мақалаға бейжай қарамай, барлығымыз жұмыла ат салысуымыз керек. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы да «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы секілді екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», екінші«Тарихи сананы жаңғырту» деп аталады.
1Архив – 2025
2 Ұлы даланың ұлы есімдері
3 Түркі әлемінің генезисі
4 Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
5 Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
6 Тарихтың киноөнері мен телевизиядағы көрінісі