Жауқазын орталығы
Усть-Каменогорск қаласы әкімдігі «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ – нің жанынан ашылған «Жауқазын» шағын орталығында
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 27 жылдығына байланысты 27 белесі атты жоспар құрылып, жоспарда көрсетілген бағдарламалар күнделікті өткізіліп отырды.
2017 жылы 1-ноябрьдан бастап, шағын орталықта жалпы безендіру жұмыстарына балалармен тәрбиешілер, мұғалімдер ат салыса кірісті. Тәуелсіздіктің 27 белесінің бірінші күні 11-ноябрьда 2018 жылы салтанатты сап түзеу өткізіліп, «Тәуелсіздіктің 27 белесі» жоспары балалар, тәрбиешілер, мұғалімдерге таныстырылды. Тәуелсіздіктің 27 белесі 2-ші күні «Тәуелсіз елім-Байтақ жерім» қабырға газеттерін, стенд шағын орталық тәрбиешілермен мұғалімдер шығарды. 3-ші күні « Қазақстан-ортақ үйіміз» ата-аналармен балалар арасында сурет байқауы өткізілді. 4-ші күні денешынықтыру нұсқаушысы ересек топ балалар арасында «Дені сау ұрпақ-еліміздің болашағы» атты спорттық сайыс өткізді. 5-ші күні 16-ноябрь 2017 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының курсанттарына «Тәуелсіз Қазақстан» мерекелік іс-шара 3 тілде өтті.Шағын орталықтың тәрбиеленушілері мектеп мұражайы мен кітапханасына саяхат жасады. Музыка жетекшісі балаларға флэшмоб, билер, әндер сайыстарын ұйымдастырды. Ағылшын тілі, орыс тілі мен барлық топтың тәрбиешілері ұйымдастырылған ашық оқу іс –әрекеттерін өткізіп, ашық іс – шаралар ұйымдастырды. Мектепалды даярлық топ тәрбиешілері мен «Ақбота» балабақша тәрбиешілер арасында сабақтастықты жалғастырып тәуелсіздік мерекесіне байланысты ашық іс- шараларға барып, бір – бірлеріне қатысып өздерінің іс – тәжірибелерімен бөлісті. Ата – аналармен бірлесе отырып тәуелсіздіктің нышанын білдіретін «Бәйтерек» қар қалашығын жасадық. Осы Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 27 жылдығына ар «Тәуелсіздіктің 27 белесі» мерекелік жоспарға сай 27 күні ат салысып қатысқан тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер марапатталды.
Әдіскер: Д.К.Шарипказина