Қазақ тілі және әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің қорытындысы
«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылықтары тоғысқан «Ұлылар үндестігі» атты шарамен түйінделді. Ән ғана емес, күй де жазған аңыз адам Абайдың «Торы жорға» атты күйімен домбырашыларымыз шымылдығын ашқан әдеби-сазды кеш ақынның өлеңдері мен әсем әндеріне ұласты. Сонымен қатар Абай негізін салған әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары – Шәкәрім Құдайбердіұлының