Ағылшын тілі апталығы
29 қараша күні «English is a World language» тақырыбында ағылшын тілі апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту. Аптаның алғашқы күнінде апталықтың ашылуы Тедди арқылы ұйымдастырылды. Үзіліс уақыттарында 2-11 сыныптар арасында ойындар өткізілді. Әр түрлі сұрақтар қойылып, оқушылар сұрақтарға жарысып жауап берді.