Соңғы қоңырау » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
маусым
2025

Соңғы қоңырау

Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің түлектеріне – үлкен өмірге ашылған жаңа бет!
2025 жылдың 23 мамыры мектебіміздің тарихында жарқын әрі есте қаларлық күндердің бірі болды.
Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушылары үшін жүректе сақталатын, ерекше мағыналы сәт орын алды – олар алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа өмір жолына қадам басты.
📍 «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын – жас түлектерге шабыт сыйлаған, жүректерді тербеткен мерекеге айналды. 
🎤 Салтанатты жиынның қадірлі қонақтары:
Д.Серікпаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің басқарма мүшесі, стратегиялық даму жөніндегі проректор – Несіпқалиев Ұлан Еренғалиұлы.
Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы – Акимжанов Мерей Серикович
Олар өз сөздерінде жастарға деген сенімдерін білдіріп, болашақтарына сәттілік тіледі.
🔹 Сонымен қатар, жиынға мектебіміздің 10,20 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер, ардақты ұстаздар мен ата-аналар қатысып, түлектерге жүрекжарды лебіздерін білдірді.
💐 Шара барысында:
Түлектер ұстаздарына деген алғыстарын өлең жолдарымен жеткізді;
Көптен күткен «Мектеп вальсі» әсем әуенмен орындалып, мектеп ауласы сағыныш пен шаттыққа толды;
📚 11 жыл бойы білім мен тәрбиенің нәрін сіңірген мектебінен түлеп ұшқан жас жеткіншектер – еліміздің болашағы, Жаңа Қазақстанның жарқын келбеті.
Ұстаздар қауымы өз шәкірттерінің әрдайым биік белестерді бағындырып, ел игілігі үшін еңбек ететініне сенім білдіреді.
🌟 Жолың болсын, жас түлек!
Бүгінгі естен кетпес сәттер болашақтағы жарқын жолдың бастауы болсын. Алдың ашық, арманың асқақ болсын!