«Жоламан» командасы – ЖЕҢІМПАЗ! » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
тамыз
2025

«Жоламан» командасы – ЖЕҢІМПАЗ!

📢 ЖАҢАЛЫҚ!  
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  
Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің  
«Жоламан» командасы – ЖЕҢІМПАЗ! 🏆🇰🇿**

Балалардың жол қауіпсіздігін сақтауына бағытталған Жас жол инспекторларының 10 күндік республикалық слеті өз мәресіне жетті.

Бұл айтулы байқау республикалық және мемлекетаралық форматта өтіп, халықаралық деңгейге ие болды. Қазақстанның барлық өңірі мен Қырғызстаннан келген қатысушылардың ішінде үздік нәтиже көрсеткен – Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің «Жоламан» командасы!

🇰🇿 Қазақстан құрамасы атынан қатысқан мектебіміз І орынға ие болды!

🎉 Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.  
👏 Республикалық және мемлекетаралық байқауда үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымызды және оларды жарысқа дайындаған мұғалімдерімізді шын жүректен құттықтаймыз.