“А.Байтұрсынұлының тіл мұрасы” атты брейн-ринг зияткерлік ойыны
Қазақстан халықтарының тілдері күні мен А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған онкүндік “А.Байтұрсынұлының тіл мұрасы” атты брейн-ринг зияткерлік ойынымен түйінделді. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын, оның шетсіз-шексіз бай мұрасын танып-білуді мақсат етіп қойғандықтан, тақырыбы – «Ахметтану білгірлері» деп аталды. Брейн-ринг ойынына мектебіміздің 7,8-сынып оқушыларынан құралған 7 команда қатысты. Олар: 7А сыныбының «Қырық мысал» тобы, топ жетекшісі-Тұрсынханова Іңкәр. 7Б