«Адал ұрпақ» клубының жұмысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сәуір
2021

«Адал ұрпақ» клубының жұмысы

     Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, өскелең ұрпақты адал еңбекке үйрету, еліміздің ертеңі жарқын болатынындай азаматтарды тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқушылардың санасын қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуына  оқушыларды  тарту мақсатында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауы ұйымдастырылды. Тақырыптық сурет байқауына  4-5  -сынып оқушылары қызығушылықпен белсене қатысты.
     Сонымен қатар оқушыларды мемлекеттік қызмет елдің мақсаты мен дамуы үшін екендігі,  халыққа адал қызмет ету туралы түсініктерін кеңейту мақсатында 7,8,9 – сынып оқушылары арасында  «Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» эссе байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар жазба жұмыстарында ең алдымен адал қызмет ету, әділ шешім қабылдау, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттер барлық барлық адамның бойында табылу керек деген түйінді ойларға тоқталды.