«Адамдық борышың» адалдық сағаты » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қазан
2023

«Адамдық борышың» адалдық сағаты



     Биыл қазақтың кемеңгер ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық атаулы мерейтойы. Осыған орай  ШҚО балалар және жасөспірімдер  кітапханасында "Адамдық борышың" тақырыбында өткізілген адалдық сағатына 8-сынып оқушылары қатысты.
       Шара барысында ақын өмірбаяны таныстырылып, "адалдық" туралы бейнеролик оқушылар назарына ұсынылды. "Tarsia" әдісі арқылы балалар  алған ақпараттарын сызбаға салып, алғырлықтарын көрсете білді.
    Шәкәрім Құдайбердіұлының асыл ойлары адалдық, әділдік, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге  негізделген. Ақын өсиеті қазіргі өркениетті заманда да құнды. Оқушылар Шәкәрім жырлаған ар, адалдық қасиеттерді бойларына сіңіріп, тапсырмалар орындау арқылы нағыз адам бейнесін аша білді.