«Тәуелсіздік тағылымдары» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
желтоқсан
2021

«Тәуелсіздік тағылымдары»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті   Н.Ә.Назарбаев  «Тәуелсіздік тағылымдары» мақаласын  ең қасиетті құндылығымыз - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.

Мақалада Елбасы Тәуелсіздік жолында халқымыздың көрген қиыншылығы мен азабы көп болсада, ата қонысын, қара шаңырағын сақтап қалғанын және әдет-ғұрпын, тілін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұрпағына аманттай білгенін жазады. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың  сан ғасырлық күресінің  заңды жалғасы дей отырып, тәуелсіздікке сабыр мен төзімділік, ақыл мен парасат арқылы қол жеткізгенімізді атап көрсетеді.

ХХ ғасырдағы Тәуелсіздік жолы қиын болды.

-1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;

-Азамат соғысы;

-екі толқын ашаршылық (1921-22 жыл мен 1930-32 жыл);

-қанды репрессия;

-Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері;

-тың игеру жылдарындағы жаппай қоныс аудару;

-күрделі кезең «тоқырау»:

-қайта құру;

-Желтоқсан оқиғасы;

- «егемендік шеруі»;

-Тәуелсіздікті алу.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті өз мақаласында отыз жыл ішінде ғасырларға бергісіз даму жолынан өткенімізді айтып,  табыстарға тоқталады.

-Қазақстанның дамыған 40 мемлекеттің қатарына енуі;

-ядролық қарусыздану көшін бастадық;

-ұлттық теңгеміздің айналымға енуі; 

-жаңа Елорданың салынуы;

-экономикалық жаңғыру, инфрақұрылымды жаңарту;

-басқа мемлекеттегі қандастарымызға қолдау білдіру.

Елімізде жастарға барлық жағдай жасалған.

-ақпарат пен сандық жүйеге негізделген жаңа технология;

Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті;

- «Болашақ» бағдарламасы;

- «Астана-хаб» халықаралық технопаркінің ашылуы.

Н.Ә Назарбаев «...Әр қазақстандық  алдағы уақытта оның тұғырын мықтап, еңсесін тіктеп,абыройын   асыруға қызмет етуге тиіс. «Мәңгілік   ел» идеясының түпкі мақсаты осында» деп ой түйеді.