Мектептің мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы есебі » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
наурыз
2024

Мектептің мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы есебі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ

2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі туралы есебі


1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ 

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығын орындау тәртібі бойынша (Қазақстан Республикасының ЦДИАӨМ-ы, 25.11.2021 ж. 407/НҚ) мектепте тегін негізде 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 1;

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау – 1;

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 1;

- Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 1;

- «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» -1;

-Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалуы үшін құжаттар қабылдаужәне жолдама беру»-1.

3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2023 жылы ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 109;

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау – 1;

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 127;

- Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 5;

- «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» -70;

- Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалуы үшін құжаттар қабылдаужәне жолдама беру»-51.


2. Қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мектептің сайтында барлық мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары жарияланған.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат. 

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілер жобаларын қоғамдық талқылаулар өткізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).

Қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша 23 түсіндіру іс-шарасы жүргізіліп, 586 адам қамтылды.


3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап облыста жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныптарына қабылдау үшін электронды құжат қабылдау жүйесі жұмыс істей бастады. Ата-аналар бұл қызметті www.egov.kz электронды үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы алады. Өтініштер тәулік бойы қабылданады, сондықтан ата-аналар жұмыста немесе үйде болғанда мектепке онлайн түрде өтініш бере алды. 2023 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында мектеп бойынша 109 бала қабылданды.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы 6 мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

2) Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер жоқ..

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді бекіту/өзгерту туралы бұйрықтар жолдады.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары тіркелген жоқ.


5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және тиімділігін арттыру жоспары

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне жол бермеу шеңберінде мектебіміз мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндірме-ақпараттық іс-шаралардың санын көбейтуді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Тұрақты түрде нормативтік құқықтық құжаттармен танысып отыру. Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерді біліктілік арттыру курсына жіберу.