13
қараша
2024
«Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі» атты шара
Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, патриоттық тәрбие беру мақсатында Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен бірлесе «Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі» атты шара ұйымдастырылды. Шара барысында әлемге танымал «бүркітші қыз» Айшолпан Нұрғайыпқызы саятшылық туралы әңгімелей отырып, бүркіт баптаудың қызықтарымен бөлісті. «Құсбегілік – біздің ұлттық болмысымызды айқындайтын өнер. Қыран бүркіт, ұшқыр тазы, жүйрік ат - біздің қазақтығымызбен біте қайнасқан құндылықтар. Оны дамытып, жас ұрпаққа насихаттауымыз керек дей келе алдағы уақытта балаларға бүркітімен бірге келуге уәде берді.
Қазақы мінез, қазақы рух, қазақы менталитет, қазақы тәрбие деген қасиетті сөздерімізді бойларына сіңіре білген шараға қатысушы оқушылар кітапхана қорындағы А.Байтұрсынов кітаптарымен танысып, шығармаларын талдады.