Жауқазын орталығы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
желтоқсан
2018

Жауқазын орталығы

Құрметті ата –аналар!

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасы аясында Өскемен қаласы әкімдігінің Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 2010 жылдың 1 – желтоқсанында «Жауқазын» шағын орталығы ашылды. Орталықта 3 топ жұмыс істейді. 3 жастан 6 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша 5 бағытта жұмыс істейді. Олар: денсаулық, әлеуметтік, танымдық, қатынас, шығармашылық бағыттарын қамтиды.

Мұнда маңызды рольді балабақшаның материалдық-техникалық қоры ғана емес, сонымен қатар, адами фактор – тәрбиешілер, өз мамандығын таңдаған, ең маңызды қоғамдық миссияны - балалар өмірінің сапасын жақсарту, оларға қамқорлық жасау, тәрбиелеу және дамыту.Шағын орталық ұжымы барлық қалалық, облыстық, Республикалық сайыстарға қатысып тұрады. Әртүрлі сайыстардың жүлдегерлері, сертификат иелері бар.

Шағын орталықтың материалдық базасы жабдықталған. Әдістемелік материалдар, ойын құралдары талапқа сай жабдықталған. Ойын, демалыс,музыкалық бөлмелері, асхана дәрігерлік, психологиялық қызмет түрлері толық қамтылған.

Шағын орталықта ынтымақтасу сіздерге балаларыңыздың жанында болмасаңыздар да, балаларыңыздың өміріне әсер етуге мүмкіндік алуға көмектеседі,сіздің балаларыңыз мектепке дейінгі ұйымда қажет нәрселердің барлығын алады. Сондықтан, мектеп басшысы Садыков Базарбек Омарғалиұлы мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлуде.

 

 

 

Балабақша қызметкерлерінің кодексі

 

Біздің балабақшада жұмыс атқаратын қызметкерлер :

 

Балалар тәрбиесін, білімін және дамуын жетілдіру шығармашылық адамдарсызмүмкін емес;

Өздерінің жеке әдістеріне негізделген өздерінің жұмыс әдісін таңдаған, өз мақсаттарын түсінетін кәсіби мамандар;

Кәсіби даму жолында руханилық пен білім берудің жоғары деңгейін көтере алатын педагогтар;

Жүректерінің жылулықтарын балаларға, олардың аналарына, әке-шешелеріне және ата-әжелеріне жеткізетін әйел адамдар;

Біздің тамаша үйіміздің қабырғасында достық, шығармашылық атмосфераны құратын әріптестер.