«Хакім Абай ұлағаты» тақырыбындағы онлайн кездесу » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
желтоқсан
2020

«Хакім Абай ұлағаты» тақырыбындағы онлайн кездесу

Желтоқсанның 14 күні мектебіміздің 10-сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Хакім Абай ұлағаты» тақырыбымен жазушы, журналист, Халықаралық "Шабыт" фестивалінің Гран-при иегері, республикалық әдеби сыйлықтардың лауреаты, Семейдеді Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері Қуат Қиықбаймен ZOOM қашықтықтан кездесу өткізді.
Бұл кездесудің мақсаты еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңыда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жерге, оның мәдениетіне, ғылымына айрықша атсалысуда  патриоттық тәрбие беретін Абайдың ұлағатын насихаттау болды. 
Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екені мәлім. Мәдениетті жаңғыртып ой-өрісті кеңейту игі бастама. Демек, Рухани жаңғыру Абайдан бастама алады. 
Кездесу кезінде Қуат Қиықбайдың Абай ұлағаты жайында айтқан әңгімесін оқушылар ұйып тыңдады. Сондай-ақ оқушылар Абай қарасөздерінің қазіргі заманда маңыздылығы, Абайтану ғылымының қалай дамып келе жатқандығы жайында сұрақтар қойды. Кездесу соңында кері байланыс жасап, алған әсерлерімен бөлісті.


Похожие публикации:

13 желтоқсан 2018 Сыр-сұхбат
20 қаңтар 2018 Рухани жаңғыру