"ХХ ғасыр Гомері" интеллектуалдық ойыны » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ақпан
2021

"ХХ ғасыр Гомері" интеллектуалдық ойыны

Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақыны,«Халық поэзиясының алыбы»,  «ХХ ғасыр Гомері»,«Жамбыл — менің жай атым, халық —менің шын атым» деген ұлы тұлға Жамбыл Жабаевқа биыл 175 жыл. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұтшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында мектебіміздің 10 сынып оқушыларының арасында «ХХ ғасыр Гомері» атты викториналық сайыс өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 
1-кезең «Бала Жамбыл»  ақынның өмірі мен ақындық жолдағы алғашқы қадамдары туралы сұрақтар; 
2-кезең «Ақын Жамбыл» 
Ақынның өлеңінен үзінді бейнесұрақ арқылы берілді;
3-кезең «Тапқыр Жамбыл» 
Бұл кезеңде 6 ұяшық беріледі, әр ұяшықты таңдап сұрақтарға жауап берді; 
4-кезең «Дара Жамбыл» 
Ақынның өміріне байланысты жылдарды белгілі бір өміріндегі оқиғасымен Zoom-дағы арнайы қаламды басу арқылы сәйкестендірді. Жыр алыбы —Жамбылдың 175 жылдығына арналған интеллектуалдық сайысымызға қатысып, белсенділік танытқан 10 сынып оқушыларына алғыс білдіреміз!