Сынып жетекшілер отырысы
Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында 21 қаңтар күні мектебімізде ZOOM платформасында сынып жетекшілер отырысы ұйымдастырылды.
Ең алдымен іс-тәжірибесімен Үрімжан Оразхановна бөлісті. Адам баласында ең ұлы қасиет-адамгершілік. Сыныппен жұмыс жасаған кезде балаға әрдайым мейірімділік танытып, әркез қолдау керектігін баса айтты. Екінші кезекте сынып жетекшімен ата-аналардың қарым-қатынасы туралы бастауыш пәні мұғалімі Анар Бейсембиевна өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Осы мәселеге қоса қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанар Сеиткановна, сынып сағатында сыныппен қалай тығыз байланыста болу керектігімен биология пәні мұғалімі Жанар Камановна өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жиналыс соңында жас мамандар кері байланыс жасап, іс-тәжірибесімен бөліскен ұзтаздарға ізгі тілектерін білдірді.

