Мектепішілік ата - аналар жиналысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
мамыр
2022

Мектепішілік ата - аналар жиналысы

         Мектебімізде  16 мамыр күні мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Б.О.Садыков күн тәртібінде қаралатын мәселермен таныстырып өтті. Бірінші мәселе бойынша  тарих пәнінің мұғалімі Ж.С.Бейсенбеков 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдум туралы толықтай таныстырып, ата -аналарды референдумға бір кісідей қатысуға шақырды. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, «Жазғы мектептің» ұйымдастырылуы, келесі оқу жылына қандай дайындықпен келу керектігі жөнінде директордың оқу – тәрбие ісінің орынбасарлары таныстырып өтті. Жиын соңында мектеп директоры ата-аналарға оқушылардың қауіпсіздігін естен шығармау, үнемі балаларға ескертіп түсіндіріп отыру керектігін атады. Жиналыс барысында ата -аналарға балалардың жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, жасөспірімдердер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмге  қарсы іс – қимыл жөніндегі бағдарлама, дәстүрлі емес жат діни ағымдардың жетегінде кетпеу, расталмаған ақпаратттардан сақ болу, таратпау туралы ақпараттар берілді. Жиын соңында мектеп директоры оқу жылы барысында оқу – тәрбие жұмысында белсенділік танытқан сыныптар мен ата-аналарға алғысын білдірді.